"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Денсаулығы ғаламның- денсаулығы адамның»

14.10.2020

Сабақтың тақырыбы: «Денсаулығы ғаламның- денсаулығы адамның»

Сабақтың мақсаты:

а)Оқушыларды еліміздің табиғатында болып жатқан

өзгерістер туралы мағлұмат беру .

ә)Табиғатты қорғауға, аялауға, қамқор болуға

үйрете отырып, экологиялық тәрбие беру.

б) салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, денсаулықтың құндылығын, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрету;

Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелеу, сұрақ- жауап

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, Қазақстанның көрікті жерлері, табиғат

суреттері, интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім:

Дені сау болу – тазалыққа, дұрыс тамақтана білуге, дене шынықтыру жаттығуларына және табиғат байлықтарына байланысты. Табиғатымыз қаншалықты таза , әсем болса, ондағы тіршілік атаулының барлығы да дені сау болмақ. Қазақстанда табиғаты көрікті, шұрайлы, әсем жерлері өте көп. Бірақ осы әсем табиғатты өлкелеріміздің арасында экологиялық апатқа ұшыраған қаншама жерлер бар. Адам- Табиғат пен Жер-Ананың төл перзенті. Солай бола тұра табиғат заңын аяққа таптап, өркениет заңын төбеге көтерді, ал одан тапқан пайдасы - санап тауыса алмайтын ауру-сырқауды тауып отыр. Жаратылысқа қарсы шығу, табиғатты ластау дауасы жоқ рак, СПИД, нашақорлық сияқты дерттерді өмірге әкелді.

Слайд көрсетілім.

«Эко»: Жойылып жатқан жануарлар

«Денсаулық»: Арал теңізінің трагедиясы

«Ғарышкерлер»: Семей полигонының зардаптары

Мұғалім:

Адамзат жаралғаннан бері оның алдында тұрған маңызды мәселе –адам өмірін ұзарту . Әрбір адам 120 және оданда көп жыл жасауға мүмкіндігі бар. Өз денсаулығын өзі шыңдап 95 жыл өмір сүрген американдық Поль Брег деген кісі әлемге әйгілі «Ашығудың ғажабы » деген кітабында табиғаттың ғаламның денсаулығы жалпы адамзаттың саулығы екенін дәлелдеді.

Қасиетті Жер Ананың бойындағы табиғат байлықтары – жер бетіндегі бүкіл адамға ортақ қазына. Жер, Табиғат, Отан, Атамекен деген ұлы ұғымдар бір-біріне үндес әрі мағыналас. Сондықтан туған жеріміздің тамаша табиғатын сүйе білу, қастерлей білу- бәріміздің борышымыз. Табиғатымыз аман болсын, тіршілігіміз таусылмасын! Табиғатты түсіне білейік!

 «Табиғатты алайық» оқушылар шығармашылығы (слайд көрсетілім, плакат).

Мұғалім:

Денсаулық – адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлығы. Сау кезімізде сол теңдесі жоқ табиғат сыйының бағасы мен қадірін біліп жүрейік. Денсаулықтың мықты болуы өзімізге байланысты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген мақал сөзді ескере жүргеніміз абзал.

1. Сақ жүрсең, ................................................/сау жүресің/

2 Ұйқы тынықтырады, ........................................../жұмыс шынықтырады/.

3 Тыста ұзақ жүргенің –......................................./ұзақ өмір сүргенің/

4 Дені сау адам – .........................................../табиғаттың ең қымбат жемісі/

5 Елемеген ауру жаман, .............................../ескермеген дау жаман/.

6. Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – ..................../үшеуімен бақытты болады өмір/

7.Жан ауырса - тән азады,........................................./ Қайғы басса - жан азады/..
8. Ауру желмен келіп,................................................/ термен шығады/.
9. Аман болса бұл басым, ........................................./Тағы шығар бұл шашым/.
10. Қайғы қартайтады,............................................../ Қуаныш марқайтады/.
Мұғалім:

- Ал, балалар, деніміз сау болу үшін, мықты болу үшін не істеу керектігін, ауырмай тұрып алдын ала сақтану, қоршаған дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын т. б. жолын меңгердік деп ойлаймын. Тәрбие сағатынан өздерің үлкен тәрбие алдыңдар.

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! . Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст