«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесі уақытша бос орынға орналасуға конкурс жариялайды
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ уақытша қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі лауазымына;
- «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Қажымұқан ауылы, Қ.Мұнайтпасов көшесі, 45, мекенжайы бойынша орналасқан телефон 8 702 187 57 40, 87711063636 .
Біліктілікке қойылатын талаптар:
-жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі;
-үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан жоғары
-оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы,
-педагогикалық жұмыстың өтілі кемінде 5 жыл.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.
Лауазымдық міндеттері:
1.Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады.
2.Оқушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. 3
3.Оқушылардың жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді.
4.Оқушыларды мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді.
5.Оқушыларды жоғары адамгершілік, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелейді.
6.Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік ісшараларға, өз білімін жетілдіру мақсатында мектепте, қалада өтетін семинарларға қатысуға міндетті.
7.Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады.
8.Жылдық жоспар негізінде пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады.
9.Кесте бойынша сабақ жүргізеді, ашық сабақ өткізеді, жұмысын бақылау мақсатымен келген басшылықты сабаққа қатыстырады.
10.Оқушылардың сабаққа тұрақты қатысуын қадағалайды. Оқушы сабаққа келмей қалған жағдайда, сынып жетекшісіне хабарлайды.
11.Оқушыларда пәніне сәйкес дәптерінің болуын, дұрыс толтырылуын қадағалайды.
12.Журналды тақырыптық-күнтізбелік жоспарға сай уақытылы толтырады.
13.Оқушыларға қорытынды баға қояды.
14.Журналға және электрондық журналға бағаны күніне және пәніне сәйкес қояды.
15. «2» немесе «3»-ке үлгеретін оқушылардың күнделігіне пікір (коментарий) жазады. 16.Оқушыларға оқу бағдарламасына сәйкес бақылау, диктант, өздік жұмыс, тоқсандық, жылдық қорытынды жұмыстарын өткізеді. БЖБ,ТЖБ жұмыстарын тексергеннен кейін қатемен жұмыс жүргізеді. БЖБ,ТЖБ қорытындысы бойынша есеп береді.
17.Өзінің жеке портфолиосын жасайды. Барлық жетістіктерін электронды портфолиоға уақытында енгізеді.
18.Тәжірибе алмасу мақсатында өзара сабаққа қатысады.
19.Оқушыларға оқу бағдарламасына сәйкес экскурсиялар, тәжірибе жұмыстарын өткізеді. Мектептен тыс әртүрлі шараларға (олимпиада, мұражай, театр сияқты мәдени шаралар, спорт жарыстары, өнер сайыстары, экскурсия, т.б.) оқушыларды апарар алдында жолда жүру ережесі және әдептілікті сақтау тақырыбында оқушылармен арнайы сұхбат жүргізеді. Баратын оқушыларға бұйрық шығартады. Шараға қатысатын оқушылардың тізімін оқу немесе тәрбие бөлімінің орынбасарына тапсырады.
20.Үлгерімі төмен оқушыларға, білім сайыстарына қатысатын оқушыларға қосымша сабақтар жүргізеді.
21.Мектеп аумағында және мектептен тыс оқушыларымен, ата-аналарымен, әріптестерімен әдеп нормаларын сақтайды.
22.Оқушылардың және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді. Ата-аналармен немесе оқушылардың өкілдерімен байланыс жасайды.
23.Оқушыларды салауатты өмір салтына белсенді түрде үгіттейді. Мектеп ережесіне сәйкес емес тәртіп ережесін бұзу фактісін байқаса, бұл туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жазбаша баяндайды.
Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді.
Лауазымдық жалақы мөлшері: 280 000 (екі жүз сексен мың) теңге.
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі мен оны қабылдау орны: Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру аудандық білім бөлімінің ресми сайтында соңғы жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күн ішінде Целиноград ауданы, Ақмол ауылы,Наурыз көшесі 34, мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат);
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.
Көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық адрестер: Анықтама үшін телефон: 87781875740, 87711063636, kkazhumukan@mail.ru
Осы лауазымға орналасқан адамға көтермеақы төленбейді, тұрғын үй мен жеңілдіктер берілмейді.