03.11.2025
[🤖] "Ақылды ұрпақ – жасанды интеллект дәуірінде" атты бастауыш сынып онкүндігі өз мәресіне жетті! [🎓] [✨]
[📅] 13 қазан – 24 қазан 2025 жыл аралығында мектебімізде бастауыш сыныптар арасында білім мен шығармашылыққа толы онкүндік апталығы өтті.
[🔹] Онкүндіктің мақсаты – оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, заманауи технологияларды тиімді қолдануға үйрету, және жаңа дәуірдің – жасанды интеллект кезеңіндегі ақылды ұрпақ тәрбиелеу болды.
[💡] Іс-шара барысында оқушылар түрлі пәндік сайыстарға, танымдық ойындарға, көрмелер мен ашық сабақтарға қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен білімдерін көрсетті.
[👏] Онкүндікті жоғары деңгейде ұйымдастырған "Бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі – Бекишева Ажар Кусайынқызына және барлық ұстаздарға үлкен алғыс білдіреміз!
[🌟] Бастауыш сынып оқушылары – болашақтың ақылды, зияткер ұрпағы!
#АқылдыҰрпақ #ЖасандыИнтеллектДәуірі #БастауышСыныпОнкүндігі #МектепЖаңалығы #Білім #Шығармашылық #БекишеваАжарКусайынқызы