«Қажымұқан ауылы жалпы орта мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мекен-жайы: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылы, Қ. Мұнайтпасов 1 үй, байланыс телефоны 87165124061. Қабылдау 9-00-ден 18-00-ге дейін жұмыс күндері, түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін, демалыс күндерінен басқа және мерекелер.
«Қажымұқан ауылы жалпы орта мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтердің мынадай түрлерін ұсынады:
1. «Өз денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына қатыса алмайтын балаларға арналған тегін үйде білім алуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»;
2. «Жалпы білім беру мекемелері арасында оқушылардың құжаттарын қабылдау»;
3. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың тұпнұсқасын беру»;
4. «Мектепке дейінгі тәрбие, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагог қызметкерлерге және оларға теңестірілген білім беру ұйымдарына біліктілік санаттарын беру үшін аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау».
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат Қажымұқан ауылы жалпы орта мектебінің стендтерінде орналасқан.
Жоғары лауазымды тұлғалармен және мемлекеттік мекеме басшысымен ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау тұрақты негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар болмады. Қызмет алушылардан ешқандай шағымдар болмады.