Текст
8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының арасында "Ақберен" республикалық өнер байқауының аудандық кезеңі Қажымұқан ауылы ЖОББМ ұйымдастырылды. Байқау талапқа сай жоғары деңгейде өтті. Байқау мақсаты: оқушылардың гуманитарлық эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетін, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарынын дамытуға жол ашу. Байқау 6 номинация бойынша өткізілдіі. Байқауды өткізу барысын қадағалау және ұйымдастыру жұмысының дайындығын іске асыру үшін комиссия құрылды. Қазылар алқас қатысушылардың шығармашылығын, өнерін, шеберлігін, тапқырлығын бағалап, жүлделі орын алған оқушылар анықталынып марапатталады.