"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024 – 2025 оқу жылының I жарты жылдық бойынша атқарылған педагог - психологтың жұмыс есебі.


Қажымұқан ауылы  жалпы орта білім беретін мектебінің 2024 – 2025 оқу жылының I жарты жылдық  бойынша атқарылған
педагог - психологтың жұмыс есебі.
Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектеп психологының   2024 – 2025 оқу жылына бекітілген жылдық жоспары құрылып, жоспар  бойынша жұмыстар атқарылды. Биылғы оқу жылына келген 1- сынып оқушыларының оқуға дайындығын және бейімділігін анықтау мақсатында   күнделікті сабақтарына қатысып бақылау жұмыстары жүргізілді. 1-сынып оқушыларының танымдылық қабылеттері жақсы дамыған, түстерді таниды,фигураларды таниды. Мұғалімдерге жоспар бойынша «Жастар мен жасөспірімдер арасында деструктивті және аутодеструктивті мінез – қылықтың алдын алу» бойынша баяндама оқылды. 
Жаңадан келген мұғалімдерге адаптация трениг өткізіліп, мұғалімдермен әңгімелесу процесстері жүргізілді. Жаңадан келген оқушыларға бейімделу ойын жаттығулары жүргізілді.1- сынып оқушыларына Керн Йерасек жеке тесттері өткізілді. Бұл тестта: үш тапсырма берілді. 
1 -тапсырмада «Ер адамның суретін салу» әдісі
2 -тапсырмада «Нүктелерді көшіріп салу, қысқа мерзімді есте сақтау» әдістемесі
3- тапсырмада «Үлгіге қарап көшіріп жазу» әдістемесі берілді. 
  1«Б»-сыныбына жүргізілген Йирасек – Керн тестінің  психологиялық диагностика жұмысына хаттама
Мақсаты:баланың майда нәзік қимыл әрекеттерінің қалыптасқанын және үйлесімділігін анықтау. 
Қолданылған әдістер: жеке және топтық 
Жалпы саны: 21 оқушы
Қатысқандар:14 оқушы
Зерттеу қорытындысы  бойынша бұл сыныпта мектепке даярлығы
1-6 балл ортадан жоғары-10оқушы/ 71,4 %
7-10 балл  орташа деңгей-3 оқушы \ 21,4%
11-15  ортадан төмен -1оқушы / 7,1%    
1«В»-сыныбына жүргізілген Йирасек – Керн тестінің  психологиялық диагностика жұмысына хаттама
Мақсаты:баланың майда нәзік қимыл әрекеттерінің қалыптасқанын және үйлесімділігін анықтау. 
Қолданылған әдістер: жеке және топтық 
Жалпы саны:18оқушы
Қатысқандар: 15 оқушы
Зерттеу қорытындысы  бойынша бұл сыныпта мектепке даярлығы
1-6 балл ортадан жоғары-9 оқушы/ 60%
7-10 балл  орташа деңгей- 5 оқушы/ 33,3%
11-15  ортадан төмен -1оқушы / 6,6%   
1«Ә»-сыныбына жүргізілген Йирасек – Керн тестінің  психологиялық диагностика жұмысына хаттама
Мақсаты:баланың майда нәзік қимыл әрекеттерінің қалыптасқанын және үйлесімділігін анықтау. 
Қолданылған әдістер: жеке және топтық 
Жалпы саны:19 оқушы
Қатысқандар: 17 оқушы
Зерттеу қорытындысы  бойынша бұл сыныпта мектепке даярлығы
1-6 балл ортадан жоғары-11оқушы/ 64,7 %
7-10 балл  орташа деңгей- 4 оқушы/ 23,5%
11-15  ортадан төмен -2 оқушы / 11,7%   
 1«Г»-сыныбына жүргізілген Йирасек – Керн тестінің  психологиялық диагностика жұмысына хаттама
Мақсаты:баланың майда нәзік қимыл әрекеттерінің қалыптасқанын және үйлесімділігін анықтау. 
Қолданылған әдістер: жеке және топтық 
Жалпы саны:15 оқушы
Қатысқандар: 15 оқушы
Зерттеу қорытындысы  бойынша бұл сыныпта мектепке даярлығы
1-6 балл ортадан жоғары- 9 оқушы/ 60 %
7-10 балл  орташа деңгей- 5 оқушы/ 33,3%
11-15  ортадан төмен -1 оқушы / 6,6%   
Мақсаты: оқушылардың орта буынға бейімделу кезеңіндегі қиындықтарды анықтау.  Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға  бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды.Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы бар. Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән. Әр мұғалім өз талабын қояды.Оқу жылының басында мектеп психологы 5 сынып оқушыларымен жұмыстар жасалды.Бесінші сынып оқушыларының жаңа буынға бейімдеулерін, қалыптасу деңгейлерін анықтап, оқушылардың жаңа буынға тез бейімделіп кетуіне жағдай жасалынып, көмек көрсетілді. «Бесінші сынып дегеніміз не?», «Мен және менің отбасым»,«Біз және біздің сынып» атты тренингтер, сауалнамалар жүргізілді.Треннингке 5 сынып оқушылары белсене қатысты.
      Оқушылардан  Н.Г. Лусканова әдістемесі бойынша оқу мотивациясын» анықтау сауалнамасы алынды. Оқушылардан Филлипс тесті «Мектептегі мазасыздығын» анықтау тесті алынды.
      Бастауыш мектептен ортаңғы буынға көшу балалықтың ең бір тұрақты даму кезеңінің аяқталуымен тұспа-тұс келеді.Тәжірибеден көріп жүргеніміздей, балалардың көбі бұл оқиғаны өмірдегі ең басты қадамы сияқты қабылдайды. Олар өздерінің «енді бұрынғыдай кішкентай» емес екендіктерін мақтаныш етеді. Олар өздерінің «есейгендерін» талаптары да, мінез-құлықтары да, қарым-қатынасы да әртүрлі мұғалімдердің пайда болуымен байланыстырады.Бастауыш мектептен ортаңғы буынға өту оқушының психикасына әсер ететін жүктеменің ұлғаюымен байланысты.Бейімделу кезеңінде бір балалар жасқаншақтап, үрейленіп жүретін болса, екінші біреулері шамадан тыс улап-шулап, жыбырлақ, тынымсыз болып кетеді. Олардың жұмыс қабілеті төмендеп, ұмытшақ, салдыр-салақ бола бастайды, ұйқылары бұзылып, тәбеттері тартпайды. Балалардың көпшілігінде бұндай ауытқушылықтар оқу басталғаннан кейінгі 1 ай немесе 1жарым ай уақыттан соң өте бастайды. Алайда кейбір балалардың бейімделуі 2-3 ай немесе одан да көпке созылады. Осы айтылғанға орай 5 сынып оқушыларының орта буынға икемделу ерекшеліктерін анықтау үшін зерттеу жүргізілді.
Негізгі зерттеуде үш әдістеме пайдаланылды:
Жалпы қобалжуды анықтауға арналған Филлипс тесті.
5 сынып оқушыларынан алған әдістемелердің салыстырмалы көрсеткіштері
1.Филлипс тестінің қорытындысы:
5а 5ә 5б 5в Жалпы 
1.Мектептегі жалпы мазасыздық 11,8% 14,8% 11,7% 10,7% 39,6%
2.Әлеуметтік стресті уайымдау 6,81% 7,93% 7,26% 6,4% 3,55%
3.Қажеттілікті өтеудегі сәтсіздік кедергілері 9.9% 9,43% 8,84% 6,8% 43%
4.Үрейдің көрінісі 4,90% 4,87% 4,57% 3,82% 22,7%
5.Білімді тексеру үстіндегі үрей 3,72% 4,68% 3,36% 3,11% 12,1%
6.Айналасы күткен нәтижеден үрейлену 2,45% 3,18% 2,36% 2,41% 8,26%
7.Физиологиялық тұрғыдан қарсыласудың төменгі табалдырығы 2,90% 3.5% 2,10% 2,35% 8,79%
8.Мұғаліммен қарым-қатынасындағы үрейлену мәселесі 5,09% 6,62% 5,31% 4.17% 17,5%
Жалпы мектеп бойынша мазасыздық       5 «а»  -5,9 % 
                                                                        5 «ә»  - 6,1%
                                                                        5 «б»  - 5,6 %
                                                                         5 «в» 4,9 
Алынған мәліметтер бойынша 5 «ә,б» сыныбында жоғары қобалжу деңгейі анықталды. Сыныптың жалпы қобалжу деңгейі  құрайды. Қобалжу көрсеткіштері 3 және 6,1 факторлар бойынша анықталды. Оқушылардың бойындағы қобалжу сезімі байқалды. Сынып жетекшілеріне ұсыныстар айтылды, оқушылармен жеке жұмыстар жасалды. 
Ұсыныс: анықталған қобалжуға байланысты оқушыларға өз ойларын еркін жеткізуіне жағдай жасау, сынып жетекшісі және пән мұғалімдері оқушыларға ерекше қатынаспен қарап болмашы қателеріне кешірімді болып, өздерін дос ретінде көрсетіп, сенім ұялатуға тырысу қажет, қорқыныш сезімдерін басу үшін арт терапиясымен жұмыс жасалды. Жұмыс түрі: әңгімелесі, сөйлесу, сұрақ жауап арқылы жүргізілді.   
Қазан айында  5,6 сынып оқушыларына «Мен ғажайыппын» атты тренинг өткізілді. Мақсаты: оқушыларды қиын жағдайдан шыға білуге үйрету, оқушылардың эмоцияналды көңіл күйлерін көтеру,топтасып жұмыс істеуге дағдыландыру. 
   1
6,8 сыныптарға «Жақсы сөз – жарым ырыс» атты тренинг жүргізілді. Мақсаты: Балаларды жақсы сөйлеуін, сөз құдыретін түсіндіру. Ойната отырып ойландыру  және нәтиже шығару. 
                   
Оқу жылының басында ТІО мен біріктірілген жұмыстар жасалды. Барлық 5 - сыныптың ата - аналарымен отбасы күніне  байланысты «Отбасының басты қағидалары және жылы тілектері» атты психологиялық тренинг жүргізілді. Мақсаты:  Ана мен бала арасындағы мейірімділікті күшейту, балаға әркүн, әр сәтте қамқоршы болатын ата - аналары мен достары екенін түсіндіру.  
   
  
8 – сыныптар қыздар арасында «Әр қашан күн сөбесін» атты психологиялық тренинг жүргізілді. Тренинг мақсаты: Жеке басының гигенасын сақтауды білу, қыз балаға тән қасиеттерді игеру, жағымсыз қылық, әдет, мінезден арылу. 
              
9, 11 – сыныптарға қыздар арасында «Қыз қандай болу керек» атты психолгиялық дөңгелек үстел болып өтті.
Мақсаты: Қазақ халқының әдет - ғұрып, салт - дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс - тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан - жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.
             
Жоғары сынып оқушыларына «Буллингтың алдын алу» мақсатында жадынамалар таратылды және жоғарғы буынға суреттер салдырып, түсіндіру жүргізілді.
          
  
10 сынып оқушыларымен «Зорлық зомбылықтың алдын алу» тақырыбы бойынша тренинг жүргізілді. Мақсаты: Оқушылардың тығырықтан шыға білуін үйрету, тез шешім қабылдай білу. 
     
       
11- сынып оқушыларымен ҰБТ тапсыратын «Бәріміз де бір мақсат» атты тренинг өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың өзіне сенімділін артыру, қобалжуды жеңу, мақсат қоя білу. 
        
11- сынып оқушыларымен 10 минуттық қоңырауда «Дастархан басындағы әңгіме» жүргізілді. Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдауда қиындықтарын жеңіп , өз арман мақсаттарына оңай және жеңіл жетуді түсіндіру. Оқушы өзінің икемін біліп , мамандықты меңгеруін білу.
   
Орта буын сыныптарының ата – аналар мен «Орта буынға бейімделу» бойынша тренинг өткізілді.
                       
Қажымұқан ауылы жалпы орта білім беретін мектебі 
2024 -2025 оқу жылының педагог - психологтың апталығы бойыша 02.12– 06.12. күні аралығынада «Психология әлемі» атты педагогика және  психология апталығы болып өтті. Жалпы апталықтың мақсаты:   Оқушылардың психологиялық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасау, оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға және нығайтуға ықпал ету. Жақсы көңіл - күй сыйлау, жағымды эмоция көру. Осы Психология әлемі» апталығының жоспары құрылып, бекітілді. Мектептің әлеуметтік парақшаларына хабарландырулар таратылды. 
02.12 күні апталықтың ашылуы ұйымдастырылды. «Арт терапия» үзіліс кезінде оқушылар топтық суреттер салды. Ойын жаттығулар оқушыларға ұнады, оқушылар белсене қатысты. 
             
03.12 - 7,11 сынып оқушылары «көзге көрінбейтін менің әлемім» атты плакаттар жасалып, тақтаға ілінді. 
Оқушыларға үзіліс кезінде ойын, жаттығулары ойнатылды. 1-4 сынып оқушыларына «Нейро жаттығулары» ойнатылды.
    
04.12 - 7,11 сынып оқушылары «көзге көрінбейтін менің әлемім» атты плакаттар жасалып, тақтаға ілінді. 
              
Оқушыларға интерактивті (QR  коды) тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды.
 
 
 
05.12 күні «Кел, отырып сөйлесейік» атты 9- 11сынып оқушыларына ашық микрофон кездесу  ұйымдастырылды. Мирас Сейфуллаұлымен оқушыларға психологиялық кеңес берді.
Кездесудің мақсаты: Жасөспірімдердің болашаққа деген арман мақсаттарын нақтылау, бағыт -  бағдар беру, жақсыны көріп, жақсыға еліктеу, тұлға болып қалыптасуына көмек беру.
       
06.12 күні «Бақытты балалық шақ» атты 6,7 сынып оқушыларына эссе жазылды. Үзіліс кезінде оқушыларға ойын жаттығулар ұйымдастырылып, өткізілді. 
         
              
               

Педагогтармен «Күлкі жан азығы» атты психологиялық тренинг жүргізіліді.
Мақсаты: Педагогтардың эмоционалды және көңіл күйлерін көтеру, кәсіби даму, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. 
Үзіліс уақытында оқушылармен ойын жаттығулар өткізілді. 
                      
Қорыта келе  «Психология әлемі» атты апталық өз деңгейінде өтілді. Алдағы жылдың апталығына бірнеше жоспарлар алға қойылды.
Балалармен жеке жұмыстар жүргізілді. 
       
        
Сынып жетекшісі: Г. Муратбековна 2- желтоқсан күні хабарласып , 3 «Ә»сыныпта қыз баланың  өзініен өзі жылайтынын айтты. Жедел түрде анасымен кантакты  орнатып, себебін анықтадық. Балада қорқыныш фобиясы болып, депрессияда болды. Әртүрлі ойын жаттығу жасатып, арт терапиясы орындалды. Анасына қосымша ұсыныстар айтылды. Анасы баласын біздермен бірге бақылауға алды. 
     і  
       
Екі апта жұмыс жасалды. Қазіргі кезде бақылауда . Қазіргі көңіл - күйі жақсы, жыламайды, достарымен сөйлеседі, қарым - қатынасы жақсы. 
   
9,10,11– сыныптар қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында ТІО мен біріктірілген жұмыс жасалды. Баяндаманың мақсаты: Қыз балаларға өздеріне қауып төнгенде жасырмай анасына, сынып жетекшісіне немесе психологтарға айтуға кеңес берілді. Жеке басының гигенасының маңызды екені айтылды. Сұрақ - жауап алмасты. Қыз балалар өз ойларын ашық айтып кеңес алды. 
 
8,9  –сыныптар қыздар арасында «Біз бақытты өмірді таңдаймыз» атты психологиялық тренинг жүргізілді. Тренинг мақсаты: Оқушылардың бір бірмен дос болуын түсіндіру, Әр сәттен бақытты болуды сезіну.
                
Тәуелсіздік күніне сынып жетекшісімен психологтардың біріккен жұмысы.
Мақсаты: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, достыққа тәрбиелеу және адал болуға үйрету. 
           



Метеп психологтар: Байсалова А.Е.
                                 Хасенова В.Ж.

































\




Текст