Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан ауылы №4 НМ
Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
ХАТТАМА №1
Қажымұқан ауылы.
«22» қараша 2018ж.
Қамқоршылық кеңесінің жиналысы
Төрағасының аты-жөні: Дүйсенбиев А.К.
Хатшының аты-жөні: Шайхина Қ.Ғ.
Қатысқандар:11 адам
Күн тәртібінде:
1. Қамқоршылық кеңесінің құрамын бекіту,міндеттерін бөлу.
2.Қамқоршылық кеңестің 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Абдикалыкова Турсын Серікбайқызы сөз алып, мектептің оқу-тәрбие үрдісі мен материалдық-техникалық базасын жетілдіруде қамқоршылық кеңестің маңызды рөл атқаратынына тоқталып, қамқоршылық кеңесін құрудың маңыздылығын атап көрсетті. Сондай-ақ қамқоршылық кеңеске мүшелікке шақырылған азаматтарға мектепке жанашырлық танытып жүргендері үшін алғыс білдіріп, қатысып отырғандар ішінен төрағасын және хатшы тағайындау қажеттігін айтты.
Осы мәселе бойынша екінші болып сөз алған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сейдахметова Гулназ Ғалымбекқызы отырғандарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 27.07.2017ж. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы № 355 бұйрығымен таныстырды.
Отырысқа қатысушылар аздаған талқылаудан соң кеңес төрағалығына үміткерлерді дауысқа салды. Ал кеңес хатшысы ретінде бірауыздан 4 «б» сыныбының ата-анасы Қ.Ғ. Шайхинаға бекітті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша төрағалыққа ұсынылған жеке кәсіпкер және Бақ Орда орталығының бас продюссері Дүйсенбиев Азамат Кеңесұлы сөз алып, 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын құруда мектептің өз деңгейінде дамуы үшін атқарылуы тиіс іс-шараларды бекітуде мектеп директорымен ақылдасудың маңыздылығын айтып, сөз кезегін мектеп директорына берді. Тұрсын Серікбайқызы өз кезегінде кеңес мүшелерін биылғы жылы мектеп үшін атқарылуы тиіс іс-шаралармен таныстырды. Жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып, кеңес мүшелері жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекітті.
Қаулы :
Құрамы: 1. Дүйсенбиев А.К.-төраға
Комиссия мүшелері:
Төраға Дүйсенбиев А.К.
Хатшы Шайхина Қ.Ғ.
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан ауылы №4 НМ
Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
ХАТТАМА №2
Қажымұқан ауылы.
«28» ақпан 2019ж.
Қамқоршылық кеңесінің жиналысы
Төрағасының аты-жөні: Дүйсенбиев А.К.
Хатшының аты-жөні: Шайхина Қ.Ғ.
Қатысқандар:10 адам
Күн тәртібінде:
1.Бюджеттен тыс қаржыны тарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру.
2. Мектептің үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасын дамыту.
3. Мектеп ұжымымен, ата-аналарымен кездесу ұйымдастыру.
4. Әр түрлі мәселелер
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Абдикалыкова Турсын Серікбайқызы сөз алып, мектептің оқу-тәрбие үрдісінде ілгерілеушілікке қамқоршылық кеңес үлесі қаржылай қолдау аз болса да басқа да ұйымдастыру, қолдау көрсетіліп отырғанына тоқталды.
Тыңдалды:
Қамқоршылық кеңестің төрағасы А.К.Дүйсенбиев өз кезегінде бүгінгі отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жеке-жеке сөз қозғады. Бірінші мәселе Бюджеттен тыс қаржыны тарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруда қаржылай көмек көрсетпесек те мұражайларға саяхаттауда, түрлі би, спорттық сайыстарға ата-аналардың жеке қаржылай қолдауымен іске асырылуда. Мектептің үкіметтік емес ұйымдармен қарым- қатынасын дамыту қолға алынуда, Мектеп ұжымымен, ата-аналармен жалпы ата-аналар жиналыстарына қатысып, бірлесіп жұмыстар атқарылуда.
Тыңдалды:
Мектеп директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары Г. Ғ. Сейдахметова бюджеттен тыс қаржыландыруды қажет ететін мектептің қажеттілігіне көмектесіп отырған қамқоршылық кеңестің мүшелеріне алғыс білдірді. Мәселен: Дүйсенбиев А.К. /төраға/ мектепішілік, аудандық сайыстарға қажетті құны 80 000 дай теңгемен бағаланатын көшірмелі сахнамен демеушілік жасады. Әр іс-шараға қажетті тақырыптық банерлерді басылымнан шығару, мектеп журналдарының кезекті номерлерін шығару барлығына демеушілік жасап отырған қамқоршылық кеңес төрағасы А.К. Дүйсенбиев.
Тыңдалды:
Қамқоршылық кеңестің төрағасы А.К.Дүйсенбиев өз кезегінде бүгінгі отырыстың күн тәртібіндегі әртүрлі мәселелер бойынша сөз алды. Белсенділік өте мардымсыз ата-аналар тек қана өз балаларына қаржылай көмек емес қоғамдық белсенділікті арттырса деп аяқтады.
Қаулы :
1.Бюджеттен тыс қаржыны тарту бойынша іс-шараларды ұйымдастырылсын;
2. Мектептің үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасы ұйымдастырылсын;
3. Мектеп ұжымымен, ата-аналарымен байланыс жасалсын
Төраға Дүйсенбиев А.К.
Хатшы Шайхина Қ.Ғ.