"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"ХХІ ғасыр көшбасшысы" жобасы

03.11.2025


"ХХІ ғасыр көшбасшысы" жобасының тұсаукесері өтті!
Биылғы оқу жылында мектебімізде бірнеше тың жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі — "Руханият" бірлестігінің ұйымдастыруымен қолға алынған "ХХІ ғасыр көшбасшысы" жобасы.
[📅] 25 қазан — Республика күні қарсаңында бұл жобаның салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті.
Жобаның негізгі мақсаты — мектебіміздегі дарынды, қабілетті оқушыларды анықтап, олардың рухани, зияткерлік және көшбасшылық қасиеттерін дамыту, елжанды, заманауи тұлға тәрбиелеу.
[✨] Жоба сәуір айына дейін жүргізіліп 8-10 сынып оқушыларынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан оқушыларымыз финалдық ойынға шығып, марапатталатын болады.
Болашақтың нағыз көшбасшылары осы жобадан бастау алады! [💫] [💫]
Оқушыларымыз бен ұйымдастырушы ұстаздарға сәттілік тілейміз! Ақ жол!
#Руханият #21ҒасырКөшбасшысы #РеспубликаКүні #ДарындыОқушылар #Көшбасшылық #МектепЖаңалығы #БолашақКөшбасшылары
 

Просмотров: 16


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст