6-ақпан күні мектебімізде жоспар бойынша «Мұғалімнің аттестациясы — бар педагогикалық санатты растау немесе жоғарырақ педагогикалық санатты алу үшін жасалған шеберліктің арнайы сынағы» тақырыбында әдістемелік күн өтті. Әдістемелік күнге аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен аттестация комиссиясының мүшелері қатысып, сарапшы, зерттеуші санатына берген педагогтердің сабақтарын бақылады. Сонымен қатар, модератор санатына берген педагогтер өз іс-тәжірибелеімен бөлісті. Әдістемелік күннің алғашқы бөлігінде сарапшы санатына берген әріптестеріміз Г.Е.Төлебай, А.Д.Қойшығарина, Қ.Буян, Б.М.Алпыспаева, Г.Н.Оспанова және зерттеуші санатына берген әріптесіміз Б.Д.Сексенбаева ашық сабақтар өткізсе, екінші бөлігінде орыс тілі пәнінің мұғалімдері У.К.Сексенбаева мен Б.М.Алпысппева 5-сыныптармен «Тайны русского языка» тақырыбында, Г.Е.Төлебай мен А.Д.Қойшығарина 10-сыныптармен «Әдебиет пен География интелектуалды шытырманы» тақырыбында кіріктірілген пәндер бойынша сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Үшінші бөлігінде «Озат тәжірибе – ортақ іс» айдарымен бастауыш сынып мұғалімі Б.Д.Сексенбаева «Жады мен зейінді жаттықтыру арқылы өлең жаттауды жетілдіру және оқу жылдамдығын арттыру» тақырыбында шебер сынып, математика және физика пәнінің мұғалімдері Ә.Көкей, Г.Н.Оспанова «Математика мен физиканы STEM жобалары арқылы оқыту» тақырыбында шебер сынып өткізсе, модератор санатына тапсырған мектеп психологы В.Ж.Хасенова «Жылы сөз – жанымның шуағы» тақырыбында тренинг өткізді.
Әдістемелік күн соңында әдіскерлер мен комиссия мүшелері мектеп ұжымына жылы лебіздерін білдіріп, аттестацияға қатысушы мұғалімдерімізге кері байланыс беріп, сәттілік тіледі.