"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Отбасында зорлық-зомбылаққа жол жоқ" атты онлайн конференция.

24.01.2021

"Отбасында зорлық-зомбылаққа жол жоқ" атты онлайн конференция.
Бала - адамның келешегі, баланы тәрбиелеу, қоғамның сапалы мүшесі етіп өсіру ата-ананың ардақты борышы. Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде соны істейді. Халқымызда «Баланы жастан» деген мақал бар. Бірақ үнемі «үйтпе,бүйтпе» деп отырса да бала ынжық, жасқаншақ болады. Бірақ, бала тәрбиелеудің жөні осы екен деп, тәрбиеден тыс қаталдық көрсетудің өзі бала өміріне қауіп туғызады. Қаталдық керек десек те... тәрбиелеудің дұрыс жолдарын қолданған жөн. «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Олай болса, бала тәрбиесіне байланысты “Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ” атты дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Әр ата-ана баласын жақсы адам болса екен деп армандайды. Алайда, ол тез арада тамаша адам бола қоймайды. Ол үшін өздері арасын сыпайы қатынасып мәдениеттілік танытумен қатар, оғаш мінез шығармауы қажет. «Балапан ұяда нені көрсе ұшқанда соны іледі»-деген аталы сөз содан қалған. Кейбір ата-аналар баланы мән-мағынасыз еркелететіп өсіреді. Еркеліктіңде жөні бар. Көп еркеліктен бала өз білермендігімен кетеді де, әрі әке-шешесінің тілін ала бермейтіндігі кездеседі. «Егер бала ерке болып өсетін болса, онда өмірін жылап өткізеді» -дейді Юсуф Хаджип. Сондай-ақ
баланы ұрып соғып, қорқытып тәрбиелеймін деп қателік жасап та жүрген ата-аналар да бар. Бұл жақсы тәрбие болмайды да, керсінше сол баланың қатігез болуына немесе қорқақ болуына ықпал етеді. Қазіргі уақытта балалардың телевизор, компьютердерден көретіні ұрып -соғу, жан-жануарларды жәбірлеуді көреді. Осыны көрген бала іштей ненің дұрыстығын, ненің бұрыстығын түсіне бермейді. Әдетте теріс қылықтан кейін жаза тұрады. Бала ата-анасының жазасын әділетсіз жаза деп сезінеді. Бірақ балаға не үшін жазаланғанын дұрыстап ойландырған жөн және бала өзін ата-ананың орнына қойып, өз қылығын олардың көзімен көруге тырыстыру керек. Үй қабырғасында зорлық көріп өскен балалар болашақта өз жанұяларында да соны істейді. Бұл тіпті отбасылық дәстүрге де айналып кетуі мүмкін. Яғни өз кезегінде тұқымқуалаушылық ауруға жалғасады.
Жалпы, зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.
Бұндай жағдайлар, оның ішінде кішкентай бүлдіршіндерге айуандық көрсетушілер біздің облысымызда соңғы кездері көбейіп бара жатыр. Осындай жағдайлардың соңғы кезде елімізде көбейіп кетуіне не себеп болды деп ойлайсыздар?
( ата-ананың пікірі)​ ​
Зморлық – зомбылықсыз балалық шақ» болу үшін не істеуіміз қажет?
( ата-ана пікірі)
« Бала дегеніміз - болашақ» деген екен француз жазушысы
Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір! Ата-аналар, бүгінгі дөңгелек үстелден -
Қандай әсер алдыңыздар, қандай ұсыныстарыңыз бар?
Дүниедегі мақсаттыңда, міндеттің де ең үлкені – ол ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру. Сонымен В.А.Сухомлинский: «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» деген болатын. Сондықтан ата-аналар мектеппен, ұстаздармен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы балаларымызды зорлық-зомбылықтан, қауіп қатерден сақтауға болады. 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст