Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Адамгершілік - асыл қасиет»
2017
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Адамгершілік - асыл қасиет»
Мақсаты:
Білімділік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;
Дамытушылық: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Адамгершілік», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
Тәрбиелік: Әдептілікке, сыпайылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, слаид, өсиет - нақылдар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Кіріспе
Әдеп сақтап әманда,
Әрбір адал адамға
Жасасаң бір жақсылық,
Қайтарады сағанда.
Ынтмаққа қосыл да
Ықылас қой досыңа.
Ар, мақсатың нақ болсын,
Ақылнан тосылма.
Қымбатты оқушылар, бар назарымызды тақтаға аударайық та, балапандарды жұмыртқадан жарып шығуға көмектесейік.
Тапсырма: адамгершілік сөзіне ой жүргізейік. Адамгершілік деген не?Адамгершілік туралы біздің қандай ойымыз бар?Адамгершілік қандай қасиеттерден тұрады?
«Адамгершілік» сөзіне ассосация құру
АДАМГЕРШІЛІК
Тапсырма: Қазір, оқушылар, бәріміз көзімізді жұмып, әдемі әуеннің ырғағымен ішімізден жақындарымызға, достарымызға, жақын адамдарға жақсы тілектер тілейік.Көзімізді ашамыз. Енді бұл тілек орындалмайынша ешкімге тіс жарып айтуға болмайды. Себебі ол орындалмай қалуы мүмкін.
Тапсырма: Қазір мына гүлді бір бірімізге ұсынамыз мақтау айтамыз жақсы тілек жолдаймыз. Мен «Сіз бүгін сондай сүйкімді болып тұрсыз. Лайым жүзінен күлкі кетпесін» деймін.Келесі оқушы ары қарай жалғастырады.
Тапсырма: «Кестені толтыр»
«Не істеу керек?»
«Не істеуге болмайды?»
Үлкендердің алдынан......
Үлкен кісіні.......................
Кішкене баланы................
Үлкеннің тілін..................
Құстарды...........................
Үлкендерге..........................
Қыз баланы........................
Кішілерді..............................
Сабақтан.............................
Достарын қиындыққа түскенде..
Сыныпта.............................
Оқу құралдарын..................
- (кесіп өтуге болмайды.)
- (жылатуға болмайды.)
- (атуға болмайды.)
- (ренжітуге болмайды.)
- (кешігуге болмайды.)
- (айғайлауға болмайды.)
- (сыйлау керек.)
- (алу керек.)
- (сәлем беру керек.)
- (қамқорлау керек.)
- (көмектесу керек.)
- (күтіп ұстау керек.)
Тапсырма: Рухани - адамгершілік қасиет - сүйіспеншілік. Біз барлығымыз да ата- анамызды, Отанымызды, достарымызды сүйеміз. Осы қасиетке байланысты тапсырма:
Отанғасүйіспеншілік;
Отбасығасүйіспеншілік;
Табиғатқа, жан- жануарға
Достыққарым-қатынас.
Осы тақырыптардаөзойларымыздыортағасаламыз.
Тапсырма:
Келесі кезекте шағын мәтіндер беріледі. Ондағы сұрақтарға жауап керек.
Кешірім. Қыс күндерінің бірі. Болат сабақтан қайтып келе жатқан. Қарсы алдынан көрші үйдегі Әділ кездесті.Ол апасының нанға жұмсағанын, жүгіріп келе жатып қолындағы ақшаны түсіріп алғанын айтты. Болат жерде жатқан ақшаны бірден байқады. Ақырын алып қалтасына сүңгітіп жібереді.Әрі іздеп, бері іздеп таба алмаған Әділ жөніне кетті. Болат досын аяп кетті.Тәттілерге тоймақ болған. Масқара, біреудің маңдай терімен тапқан ақшасын қалай пайдаланбақ? Досын үйінен шығуын күтті. Кешірім сұрап ақшасын қайырып берді. Әділ де досын кешірді,адалдығына сүйсінді.
Сұрақтар:
Болаттың қылығын ашып айтыңыз.
Әділдің орнында сіз не істеген болар едіңіз?
Қолғанат. Ауа райы кілт өзгерді. Күн суыта бастады. Ерланның ата анасы жұмыста.Үй іші суи бастады. Пешке от жағу керек болды. Ерлан қалыңдау киініп сыртқы шықты. Жапалақтап қар жауа бастады. Ерлан қойма ішінен балта тауып алып ағашты жара бастады. Атасы аяғын жай басып, терезеден сыртқа көз тастады. Жаным ау, мынау Ерланның өзі ғой.
«Азаматым менің!» - деді.Ата,- деді бір кезде Ерлан терезеден қарап тұрған атасын байқап, отын дайын. «Қолғанат болды» - деген осы деп атасы Ерланның арқасынан қақты.
Сұрақтар:
1.Ерланның атасы неге риза болды?
2.Ерланның адамгершілігі неде ?
3.Сіз біреуге көмектесе алдыңыз ба ?
Қайырымды бала. Бір кісінің баласы мектептен үйіне келіп, әкесіне сабағын тыңдатты. Баласы сабағын білген соң әкесі оны қуантайын деп он тиын күміс берді. Баласы әкесінің берген ақшасына бірдеңе сатып алуға базарға барды. Жол үстінде аш-жалаңаш шалды көрді. Бала ойлайды: «Керекнәрсемболсасатыпалуғаәкемақшаберер. Бұлақшаныорынсызжұмсамайын». Деді де әлгішалғаақшаныберді. Үйінекеліпбұлістіәкесі мен шешесінеайтты. (С.Көбеев)
Сұрақтар:
1. Баланыңқайырымдылығынеде?
2. Баланыңістегеніадамгершіліккежатама?
3. Баланыңорнындасіз не істередіңіз?
Көлжағасында.Біздіңауылсыртындакішігірімәдемікөл бар. Жаздабалаларкөлгесуғатүседі. Көлдіңсуы тап – таза, мөп-мөлдір.Күнгешағылысыпанадайжарқырапжатыр. Ертең Елнұр екеуміз көлдің жағасына келіп тынығып отырдық. Балықтар ойнап, шоршып жүр. Бір кезде Нұрлыбек аға машинасымен келіп тоқтады да, машинасын жууға кірісті. Бізді көрді де көмекке шақырды. Біз машинаны жуып болып суға бардық. Көлдің суы лай, майланған.
Шоршыған балықтардың бірі жоқ.Нұрлыбек аға мұны сезбейді. Сөйтіп басымызды салбыратып үйге қайттық. Елнұр екеуміз үлкен болғанда машинамызды ешқашан көл жағасына жумауға келістік.
Сұрақтар
1. Олар кімге жақсылық жасады?
2. Жақсылықтары оңды болды ма?
Осы жарқыраған балапандардай, мейірімді, жан шуақты, көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол азамат болыңдар. Бүгінгі топ сағатта аз болса да, жақсылықтың нұрын, адамгершіліктің дәнін алдыңдар деп ойлаймын.
Қымбатты, оқушылар, осы топ сағатында барлықтарымыз жақсы бір сезім әсерінде болдық деген сенімдемін.
Бойларыңда от бар екенбайқадым,
Жүректердешоқ бар екенбайқадым.
Әрқашанда осы шоқтыөшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдарәрдайым.
Ықыластарыңа рахмет. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!