"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024-2025 оқу жылының І жарты жылдығында мектебімізде атқарылған ғылыми-әдістемелік жұмыс қорытындысы


Қайырлы күн, құрметті әріптестер! 2024-2025 оқу жылының І жарты жылдығында мектебімізде атқарылған ғылыми-әдістемелік жұмысқа тоқталып өтсем.
2024-2025 оқу жылының І жарты жылдығын 65 педагог  аяқтадық.
Педагогтердің еңбек өтілдері:
5 жылға дейін – 4;
5 жылдан 10 жылға дейін – 17;
10  жылдан 15 жылға дейін – 11;
15 жылдан 20 жылға дейін – 9;
20 жылдан 25 жылға дейін – 11;
25 жылдан жоғары – 13.
Педагогтердің біліктілік санаттары:
Шебер – 2; 
Зерттеуші – 12;
Сарапшы – 11;
Модератор – 30:
Санатсыз – 10.
 
Аттестацияға баратын педагогтер:
Барлығы: 12
Шебер – 0;
Зерттеуші – барлығы 1, оның 1 растайды, 0 көтереді;
Сарапшы – барлығы 3, 1 растайды, 2 көтереді.
Модератор – 6:
Директордың орынбасарлары – 2 – 3 санатқа тапсырды.
№ Аттестациядан өтуші педагогтер Тапсыратын санаты Құжат тапсыратын күні
1 Оспанова Гулайхан Сарапшы 04.12
2 Төлебай Г.Е. Сарапшы 04.12
3 Сексенбаева Б.Д. Зерттеушіні растау 05.12
4 Көкей Ә. Модератор 05.12
5 Байсалова А.Е.  Модератор 06.12
6 Буян Қ. Сарапшыны растау 06.12
7 Хасенова В.Ж. Модератор 09.12
8 Калшаева Р.Р. Модератор 09.12
9 Сексенбаева У.К. модератор 09.12
10 Кулова К.М. модератор 10.12
Директордың орынбасарлары
1 Нурмаганбетова А.Д. ІІІ 10.12
2 Бижанова М.Х. ІІІ 10.12
Біліктілік арттыру курсы бойынша мониторинг.
Бастауыш бірлестігі бойынша 15  мұғалімнің барлығы да өткен.
«Руханият» бірлестігі бойынша 11 мұғалім. 2 қазақ тілі, 2 тарих, 1 дінтану пәні бойынша курсқа сұраныс жіберілді.
«Лингвист» бірлестігі 11 мұғалімнің барлығы да өткен. 
«Көркем өнер» бірлестігінде 10 мұғалімнің барлығы курстан өткен. 
«Зерде» және «МиФ» бірлестігінде барлығы 10 мұғалім. Математика пәнінен 1, географиядан 1, биологиядан 1 мұғалімге сұраныс жіберілді. Барлығы 65 мұғалімнің оқу жылының соңына дейін 8 мұғалімге біліктілікті арттыру курсынан өтулері қажет.
Педагогтердің кәсіби жетістіктерінің көрсеткіші:
Педагогтардың кәсіби байқауларға қатысуының маңыздылығы, олардың біліктілігін арттыруға және өз жұмысының тәжірибесін таратуға арналған. 
Байқауға қатысқан педагогтардың әрқайсысы:
• шығармашылық әлеуетті дамытады;  
• зерттеушілік қызметке баулуға мүмкіндік береді;  
• құзыреттілігін дамытады, белсенді өмірлік ұстанымын, коммуникативтік қабілеттерін, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі тануға ұмтылысын дамытады және т.б.;  
• білім беру саласына жаңа педагогикалық технологияларды енгізе алады;  
• өзінің ғана емес, жалпы мектептің рейтингін көтеруге мүмкіндігі бар. 
Осы мақсатта Аскарова Л.С., Достанбаева К.М., Какина А.Ж. педагогикалық идеялар фестивалінің аудандық кезеңінде үздік деп танылған жұмыстары облыстық кезеңге жіберілді. Сонымен қатар, озық тәжірибе тарату жұмыстары бойынша Байсарсенова Н.Ш. «Химияға алғашқы қадам», Мұрат М.О. «Қазақ тілі сабақатарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру», Төлебай Г.. «Сакралды Қазақстан», Муханбетжанова Г.М. «Экология және мен» тақырыбындағы жұмыстары облысқа өтті.
Жылда дәстүрлі түрде өтіп жүрген кәсіби байқаулардың бірі бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» олимпиадасы. Бұл олимпиаданың аудандық кезеңіне мектебіміздің 6 бастауыш сынып мұғалімі қатысып, Какина Ж.Т. І орын, Сексенбаева Б.Д. ІІ орын, Садуова Ш.А. ІІ орын, Габдуллина Н.Г. ІІІ орын, Мұрат М.О. І орын алды. І орын алған Какина Ж.Т., Мұрат М.О. 6-қаңтарда облыстық кезеңіне қатысады.
Дәстүрлі түрде өтетін кәсіби байқаулардың тағы бірі «Үздік педагог» байқауы. Биылғы жылы «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауына Какина Ж.Т. қатысып, аудандық кезеңде І орын, облыстық кезеңде сертификат иеленді. 
Оқушылар жетістіктері:
Биылғы оқу жылындағы ғылыми-әдістемелік жұмыстағы жоғары жетістігіміздің бірі 5-сынып оқушысы Бахытбек Аянаның «Төрт түлік төресінің қилы тарихы» тақырыбындағы ғылыми жобасы облыстан ІІ орын алды. Жетекшісі Ошақбаева Құндызай Құлтасқызы. 
«Менің кіші – Отаным» тақырыбындағы сайыста оқушымыз Ондасын Нұрдаулет «Менің шағын Отанымның болашағы» бағыты бойынша Қажымұқан ауылының макетін жасап, аудандық кезеңде І орын алып, облыстық кезеңіне қатысып, сертификат иеленді. Жетекшісі Калшаева Р.Р.
«Ақберен» оқуының аудандық кезеңінде оқушымыз Ондасын Гүлбану ІІІ орын иеленді, жетекшісі Кабижанова С.К.
Дәстүрлі «Яссауи» оқуларының аудандық кезеңі биылғы жылы біздің мектебімізде өтті. «Руханият» бірлестігінің жауапкершілігінің арқасында іс-шара жоғары деңгейде ұйымшылдықпен өтті. Оқуға мектебімізден 5 оқушы қатысып, екі оқушымыз жүлделі 1 орынды иеленіп, облысқа жолдама алды. 3 оқушымыз белсенділігі үшін марапатталды. Облысқа жолдама алған оқушыларымыз Нұрбекұлы Ахмет, жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Айхожаева З.Б., және Сұлтанбек Ясин, жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Жалелова А.С.
Республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңінің қорытындысы
28 қазан күні мектебімізде 5-11 сынып оқушылары арасында Республикалық пән олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиадаға химия, биология, жаратылыстану, информатика, география, физика, математика, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, қазақстан тарихы, құқық, ағылшын тілі пәндерінен барлығы 177 оқушы қатысты. Олимпиаданың ашылуы салтанатты түрде мектептің мәжіліс залында ұйымдастырылып, мектеп басшысы Ислам Буянұлы оқушыларымыз бен жетекшілеріне сәттілік тіледі. Оқушылар пән бойынша кабинеттерге бөлініп, олимпиада материалдарын орындады.
177 оқушының 55-і аудандық кезеңіне жолдама алды.
№ Аты- жөні Пәні Орындары Жетекшісі
1 Нұрланқызы Хиуаз Құқық Грамота Мырзаханова Махаббат
2 Сейіт Мерей Құқық Мырзаханова Махаббат
3 Сыздықов Санжар Құқық Мырзаханова Махаббат
4 Сәрсен Саджида Физика Оспанова Гулайхан
5 Ошақбай Аяулым Физика ІІІ орын Оспанова Гулайхан
6 Ондасын Нұрдәулет Физика Оспанова Гулайхан
7 Дүнбай Санжар Физика ІІ орын Оспанова Гулайхан
8 Ғабдұлмақсұт Қажымұқан География Төлебай Гүлдана
9 Жанат Нұрасыл География Төлебай Гүлдана
10 Атамұрат Айбибі География Төлебай Гүлдана
11 Жотабек Айару География Төлебай Гүлдана
12 Жұмабай Жанерке География Төлебай Гүлдана
13 Бейсенбай Інжу Жаратылыстану Төлебай Гүлдана
14 Құстай Елнұр Жаратылыстану Орынбекова Лазат
15 Дүнбай Ансар Жаратылыстану Орынбекова Лазат
16 Сайлау Али Биология Орынбекова Лазат
17 Алданазар Ханшайым Биология Грамота Орынбекова Лазат
18 Бекмухамедова Мадина Биология Грамота Орынбекова Лазат
19 Мұхамедуали Аймира Биология Грамота Сейдахметова Гүлназ
20 Бақытжан Ислам Биология Сейдахметова Гүлназ
21 Сапарғали  Сұлтан Орыс тілі Кубеева Гулмира
22 Мұхитден Жания Орыс тілі І орын Кубеева Гулмира
23 Болат Амир Орыс тілі ІІ орын Нурмаганбетова Ақбота
24 Еримов Шыңғыс Орыс тілі Грамота Нурмаганбетова Ақбота
25 Қайрхан Айзере Орыс тілі ІІ орын Алпысбаева Бақыт
26 Қарыпжан Жанару Орыс тілі Алпысбаева Бақыт
27 Бөлеген Тоғжан Қазақ тілі Грамота Оспанова Гүлнар
28 Ондасын Гүлбану Қазақ тілі Грамота Кабижанова Сырым
29 Ғабдұлмақсұт Зере Қазақ тілі ІІІ орын Әбен Аян
30 Қабыкен Айшабибі Қазақ тілі Бейлхан Ағи
31 Ахметбек Аяулым Қазақ тілі Грамота Қойшығарина Айдана
32 Жеңісбек Іңкәр Қазақ тілі Рахымбекова Шынар
33 Жанатхан Гүлім Математика Утельбаева Бибігүл
34 Ошақбай Орынбасар Математика Кулова Құралай
35 Аманжол Бибімариям Математика Грамота Жексенбаева Мархабат
36 Нұрбек Ахмет Математика Көкей Әйменгүл
37 Джансейтов Жандос Математика Жексенбаева М.А.
38 Бақытбек Аяна Ағылшын ІІІ орын Какина Аружан
39 Жарасхан Айым Ағылшын Ақназаров Айбек
40 Назымбек Айғаным Ағылшын ІІ орын Саменова А.Б.
41 Сайлаубек Бибізейнеп Ағылшын ІІ орын Әлжан Салтанат
42 Еркіңбек Жәңгір Ағылшын ІІІ орын Узахбаева Гулжайна
43 Махмет Алиахмет Ағылшын Грамота Узахбаева Гулжайна
44 Елемесова Арайым Ағылшын Грамота Узахбаева Гулжайна
45 Мубарак Каусар Информатика Көшербаева Жанар
46 Аманжол Құрмет Информатика Хахар Бақшагүл
47 Нұрбекқызы Шынар Химия Грамота Байсарсенова Нұрсауле
48 Жандос Сайда Химия Байсарсенова Нұрсауле
49 Сәлімжан Ернар Химия Грамота Байсарсенова Нұрсауле
50 Жүсіпбек Айзере Тарих Қалшаева Рая
51 Нұрлыбекқызы Кәусәр Тарих Айхожаева  Закира
52 Құстай Інжу Тарих ІІ орын Айхожаева Закира
53 Қамбар Жансая Тарих Айхожаева Закира
54 Мубарак Регина Тарих ІІ орын Жалелова Айгүл
55 Кеңес Райхан Тарих ІІІ орын Жалелова Айгүл
55 Узтай Жанерке Тарих Грамота Жалелова Айгүл
Пәндер бойынша
№ Пәндер Орындар Грамоталар
1 Физика ІІ орын - 1
ІІІ орын - 1
2 География - -
3 Жаратылыстану - -
4 Химия - Грамота -2
5 Математика - Грамота - 1
6 Информатика - -
7 Биология Грамота - 2
8 Орыс тілі І орын – 1
ІІ орын - 2 Грамота - 1
9 Қазақ тілі ІІІ орын - 1 Грамота - 2
10 Ағылшын тілі ІІ орын - 2
ІІІ орын - 2 Грамота - 2
11 Тарих ІІ орын – 2
ІІІ орын - 1 Грамота -1
12 Құқық - Грамота - 1
 
«Алтын сақа», «Алтын түлек» олимпиадаларының қорытындысы
№ Аты- жөні Сыныбы Орындары Жетекшісі
1 Марат Диас 3 ІІІ орын Аскарова Л.С.
2 Сақтаған Айдыннұр 3 І орын Муханбетжанова Г.М.
3 Рысбай Ерасыл 3 ІІ орын Қабдраш А.
4 Еркін Кәусар 4 ІІІ орын Кулмуханбетова Ж.К.
5 Дәулет Назым 4 ІІ орын Ошакбаева К.К.
6 Алпысбай Айзере 4 ІІ орын Ошакбаева К.К.
7 Құстай Айару 5 Сертификат Жексенбаева М.А.
8 Ғабдұлмақсұт Зере 5 ІІІ орын Утелбаева Б.
9 Жанатхан Гүлім 5 ІІІ орын Утелбаева Б.
10 Ошақбай Орынбасар 6 Сертификат Кулова К.М.
11 Жарасхан Айым 6 Сертификат Кулова К.М.
12 Бейсенбай Інжу 6 ІІІ орын Кулова К.М.
13 Ондасын Гүлбану 10 Грамота Көкей Ә.
14 Құстай Елнұр 10 Грамота Көкей Ә.
15 Асанқұлова Айзере 11 Сертификат Көкей Ә.
16 Алламбергенова Жасмин 11 Сертификат Көкей Ә.
Жас мамандар мектебі
Жас мамандар Тәлімгерлері
Өмірзақ Д.Б. Аскарова Л.С.
Какина А.Ж. Узахбаева Г.М.
Марат А.М. Саменова А.Б.
Анеш Е. Рахымбекова Ш.Е.
4 қараша күні Талапкер IT мектебінде Целиноград ауданы жас педагогтерінің 1 форумы өтті. 
Бүгінгі білім – жарқын болашақтың кілті»  тақырыбында өткен аудандық семинарда Аружан Жеңісқызы өз іс тәжірибесімен бөлісті. 
“Дарынды балаларға талантты ұстаз” аудандық жас мамандар олимпиадасына біздің мектебімізден ағылшын тілі пәні мұғалімі Айкерім Маратқызы және тәлімгер Дина Берікқызы қатысып өз бақтарын сынады.
Олимпиада нәтижесі бойынша Дина Берікқызы жүлделі 2-орынды иеленді.
Пән бірлестіктері
Оқу жылының басында пән бірлестіктері құрылып, жетекшілері бекітілді. Бірлестік жетекшілері өз жұмыс жоспарларын құрып, жоспарға сай жұмыстар атқарылуда. 
Әдістеме бірлестіктері Жауапты
Руханият Бейлхан А.
Жас буын Бекишева А.К.
Зерде және МИФ Орынбекова Л.К.
Лингвист Узахбаева Г.М.
Көркем өнер Мырзаханова М.У.
Сол жұмыстардың негізгісі оқу жылына бір рет өткізілетін пән онкүндіктері.
Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының зор екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі – пән онкүндіктерін өткізу. Біздің мектебімізде пәндер бойынша пәндік онкүндіктер өткізу дәстүрге айналған. Осы жылдың І жарты жылдығында Бастауыш және «Зерде» бірлестіктерінің онкүндіктері мазмұнды әрі тартымды өтті. Бекітілген онкүндіктің жоспары алдын ала ілінді. Өткізілетін іс-шаралар мен ашық сабақтар жоспарлары онкүндіктің басталуына дейін бірлестік жетекшісіне бекіткізілді. Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқушыларға сабақта және сабақтан тыс қосымша білім бере отырып,  олардың білімге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту мақсатын көздеген онкүндіктер жоспар бойынша өтті.


Текст