3-қазан күні Қажымұқан ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде 3-4 сыныптар үшін «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыруды және қабілетті балаларды анықтап, оларды ынталандыруды мақсат етуді көздейтін Республикалық “Алтын сақа” пәндік олимпиадасының мектепішілік кезеңіне 44 оқушы қатысты. Мектепішілік кезең қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған 3-сыныптардан Марат Диас, жетекшісі Аскарова Л.С., Сақтаған Айдыннұр, жетекшісі Муханбетжанова Г.М., Рысбай Ерасыл, жетекшісі Қабдыраш А.Қ., 4-сыныптардан Даулет Назым, Алпысбай Айзере жетекшілері Ошакбаева К.К., Еркін Кәусар жетекшісі Кульмухамбетова Ж.К. аудандық кезеңге жіберілді. Жеңімпаз оқушыларымызға алдағы кезеңдерде сәттілік тілейміз!