"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ахметбек Ержан- Қажымұқан мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі . "М. Мақатаевқа арнау"

12.02.2021

Мұқағали Мақатаевқа арнау.
Аққу ақын

Көңіл кейде жиһаздан жұтаған үй,
Неге қатал соншама мына фәни?
Жүректерді жырымен елжіретер
Қайда, қайран, мұзбалақ Мұқағали?!

Аға, сіздей шын жүйрік дарабозға
Елікпеген қазақтың баласы аз ба?
Қыран болып самғап ең қияндарда
Қайта айналып қонбадың Қарасазға

Саржайлауың ақ айдын, саумал бұлақ 
Асқақ шыңдар жаныңа берген шуақ
Сағыныштан өрт кетіп өзегінен
Шалкөденің жаңбыры жауар жылап.

Ойға шомып, көз салып өткеніңе
Қауышқанда әр жылдың көктеміне
Ақиығын бір жоқтап күрсінеді ау
Сұрқай тартып Хан Тәңірі бөктері де

Жан емес ең бармақтай бақ қуатын
Шындық үшін өлуге шақ тұратын
Өшпес жырмен сезімді өрнектеген
Өлең сөздің пірі едің аққу ақын. 

Өртесе де өзекті суық қайғы
Сағынышын халқының суытпайды
Орын алған жұртының жүрегінен
Өр ақынын өз елі ұмытпайды

Ахметбек Ержан- Қажымұқан мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

Просмотров: 301


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст