Қазақтың маңдайына құт боп біткен Қажымұқан атамыздың 150 жылдығы да табан тіреді. Тарихы терең бойлаған қазақ халқының атаулы тұлғаларының бірі әрі бірегейі болған, ел атағын әлемге танытқан алып палуан атамыз әр қазақтың жүрегінен орын алды. Палуан ауылында тұрып жатқандықтан,бізге артылар жауапкершілік те зор. Сондықтан, бүгінгі күннен бастап, күш атасына арналған мектепшілік іс-шараларды ашық деп жарияладық.
Тарих қойнауына бой алдырсақ, аты әлемге желдей есіп танылған атамыздың жеңісті сәттері көп болған. Қазақтың ғана емес, барша әлем баспаларының жарыса жазуының салдарынан палуанымыз жайлы сан түрлі дерек көзі тараған. Қай ақпаратқа сүйенсек те палуан атамыз жайлы жазудан ешбір қалам құрғамаған сыңайлы. Осынау көптеген тарихи деректер мен зерттеулердің бірін негізге алсақ, Қажымұқан Ақмола облысы, Қараөткел дуанына қарасты Қоспа деген жерде дүниеге келді. 1871 жылдың 12 тамыз күні атамыз кең дүние есігін ашты. 18 жасында Омбы қаласындағы циркте өтіп жатқан күреске келген палуанымыздың өмірі жаңа белестерге бағыт алған болатын.
(Бүгіннен бастап, осы парақшада аптасына екі рет батыр туралы мәліметтер жарияланып отырылады) #қажымұқан150жыл
Фотоны (әлеуметтік желіден алынған)түрлі түсті еткен Bekzat Bekbolat.
Жандос Әубәкір:
Бұл 1918 жылы Семей қаласында түсірілген фото. Отырғандар оңнан солға қарай: Ахмет Байтұрсынұлы, Мұқан (Мұхамеджан) Жәкежанұлы, Көкбай Жанатайұлы, Турағұл Абайұлы, Жақабай Әтікеұлы. Түрегеліп тұрғандар оңнан солға қарай: Жұбандық Балғынбайұлы, Міржақып Дулатұлы, Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Сейдәзім Қадірбайұлы, Елдес Омарұлы.