"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қажымұқан ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің шебер педагогтері Какина Жанар Төлепбергенқызы мен Орынбекова Лазат Каримовна «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

13.11.2024

Ұлт мерекесі Республика күні қарсаңында Қажымұқан ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің шебер педагогтері Какина Жанар Төлепбергенқызы мен Орынбекова Лазат Каримовна «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Бұл мәртебелі марапатқа ие болу қарапайым ұстаздың ұлы қызметінде зор дәреже, үлкен абырой. Мектебіміздің басшысы С.Буян мектеп ұжымымен айтулы іс-шараға орай жиын өткізіп, «Ұстаздықтың қоғам алдында өте жауапты мамандық екендігі, мемлекеттің болашағын қалыптастыруда басты рөл ұстаздың еншісінде екенін айта келіп» марапатталған ұстаздарымызды салтанатты түрде құттықтады. Ұлағатты ұстаз еңбегін еш нәрсемен өлшеуге болмайды. Әйтсе де Ұстаз беделін қоғам алдында көтерудің бір жолы – ұстаз еңбегін елеп, шынайы марапатқа ұсынып, абыройын асқақтатып құрмет тұту.
Аталмыш төсбелгі иегерлерін мектеп ұжымы құттықтайды және олармен мақтанады!

Просмотров: 66


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст