Текст
Республикалық «Өрлеу БАҰО» АҚ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Аюпова Н. А. "Жаңартылған білім беру мазмұнында білім сапасын арттыру" тақырыбында онлайн түрінде семинар өте жақсы деңгейде өтті. Семинарда Назым Алиятовна іс тәжірибесімен бөлісті. ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ—дың құрылымына тоқталып, пәндердің оқыту мазмұның сапалы меңгертуді түсіндірді. Алдағы уақытта осындай семинарлар жиі болсын деп ойлаймын. Бәрі тамаша өтті.