Мектебімізде "Жас маман, сіздер үшін..." оқыту семинары болып өтті. Мақсаты: Қашықтықтан оқыту үдерісінде білім берудің жаңа бағыттарымен танысу.Іс - шара барысында сабаққа SMART мақсат қою, "ClassRoom" қосымшасында тест құрастыру, VN видео-редакторымен жұмыс жасау, "OnlineMektep-Bilimland" платформасына интерактивті сабақтар орналастыру жайында ақпарат берілді. Педагогикалық тәжірибемізде кездесетін жағдаят тарды бірлесіп шешу, бір-бірімізден үйрену, сұрақтарға ортақ шешім табу жүйелі түрде жолға қойылған. Іс-шара нәтижесінде, ұстаздарға білім ресурстарына қолжетімділік, жаңа қосымшалар ға бағыт берілді. Ұйымдастырушы : директордың оқу- тәрбие істері жөніндегі орынбасары Карлыгаш Достанбаева.