25.02.2021 жылы Ақмола облысы, Целиноград ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен география бірлестігінің қашықтықтан оқыту семинары болып өтті. Семинар «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы бірыңғай тәсілдердің қолданылуы» тақырыбында болды. Негізгі мақсаты:
 Қашықтықтан оқыту жағдайында оқытуды сапалы ұйымдастыру жолдарын шешу;
 Қашықтықтан оқыту жағдайында география сабақтарын ұйымдастырудың маңызды мәселелері бойынша мұғалімдермен іс- тәжірибе алмасу;
 Әдістемелік қолдау көрсету және кеңес беру.
Аудандық семинарды ұйымдастырушы аудандық білім бөлімінің әдіскері Қорғанбеков Е.С және Целиноград ауданы бойынша география пәні бірлестігінің жетекшісі, Қажымұқан мектебінің мұғалімі, шебер-педагог Орынбекова Л.К.