"Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ Целиноград ауданы мектептерінің оқу ісі орынбасарларымен "Педагогтердің шығармашылық-инновациялық еңбектерінің мазмұны және олардың таратылу талаптарына сәйкестігі" тақырыбында вебинар өткізді.
🎤 Мақсаты: Мектептің іс-әрекетінде талапқа сәйкес шығармашылық-инновациялық еңбектерді қолданудың тиімділігін арттыру.
🎤Вебинарда директордың оқу-тәрбие ісі орынбасары, педагог-зерттеуші- Достанбаева Карлыгаш Мирамхановна" Мектепішілік сараптамалық кеңестің жұмысы", "" Инновациялық жұмыстардың сапасын бағалаудың негізгі аспектілері"тақырыбында"; Бастауыш сынып мұғалімі, педагог - зерттеуші Аскарова Лагыл Самаркановна " Авторлық жұмыстардың ғылымилығы, ережелердің негізділігі, жұмыс мазмұнын бағалау критерилері" тақырыбында;
бастауыш сынып мұғалімі, педагог - зерттеуші Какина Жанар Төлепбергенқызы "Авторлық жұмыстардың құрылымы, дизайны" тақырыбында ; биология-география мұғалімі, шебер-педагог Орынбекова Лазат Каримовна" Озық педагогикалық тәжірибені тарату" тақырыбында іс - тәжірибесімен бөлісті.