"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Протокол правонарушения от 20.01.2025ж.

28.01.2025


«Қажымұқан ауылының жалпы орта 
білім беретін мектебі» КММ 
ІІ жартыжылдықтағы «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 
мектеп оқушыларымен өткізілген алдын алу
 жұмыстары туралы 
Хаттама 

Мерзімі: 20.01.2025 жыл   
Қатысқандар:  ДТІЖО Сейдахметова Г.Г.
                                        Нурмаганбетова А.Д.
                                         Бижанова М.Х.
                                        Сынып жетекшілері
                                Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Кашкенов Мухтар Жусіпұлы 
Учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Мукамедия Нурболат Нурланұлы 
Жедел уәкіл полиция аға лейтенанты Алтынбеков Олжас Әбдімуратұлы
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер:
1. Құқықбұзушылық кодекстерінің баптарымен таныстыру.
2. «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»
Бірінші мәселе бойынша құқық бұзушылық кодексінің баптарымен таныстыру мақсатында Целиноград АПБ ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Кашкенов Мұхтар Жүсіпұлы, учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Мукамедия Нурболат Нурланұлы жедел уәкіл полиция аға лейтенанты Алтынбеков Олжас Әбдімуратұлы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілердің қатысуымен мектебімізде  8-11 сынып оқушылармен  кездесу сағаты өтті. Кеңес барысында оқушыларды қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқықбұзушылық құқықтарымен таныстырып, ұлдарға темекінің зияндығы, зорлық-зомбылықтың алдын алу сынды тәрбиелік-құқықтық кеңестер беріліп, оқушылар өз ой-пікірлерімен алмасты.
Екінші мәселе бойынша  жедел уәкіл полиция аға лейтенанты Алтынбеков Олжас Әбдімуратұлы «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» мақсатында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, ҚР Заңы мен Конституциясын сақтау болып табылады, сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілдерінің әкімшілік жауапкершілігі және құқық бұзушылықтар (14 жастан бастап ауыр және 16 жастан бастап ауырлығы орташа, жеңіл дәрежеде) қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы жайында ақпарат берілді. Сонымен қатар мектеп оқушыларына темекі , электронды темекі, психотроптық және есірткі заттарын, әсіресе синтетикалық есірткі мен алкогольдің зияны туралы және сол үшін жауапкершілікке тартылатындығы жайында  айтып өтті. Құқық қорғау органдарының өкілдері жасөспірімдер ортасында ұрыс-керіс, жанжал жиілеп бара жатқандығын, интернет-алаяқтарының көбейіп бара жатқандығын, буллинг, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз немесе оларды алмастыратын тұлғаларсыз түнгі сағат 22:00-ден кейін көшеде жүруінің  артып келе жатқанына ерекше назар аударды.                     
         Шешім:
1. Зорлық-зомбылықтың алдын алу сынды тәрбиелік-құқықтық түсіндіру жұмыстары әрі қарай да өз жалғасын тапсын.
2. Түнгі рейд жұмыстары күшейтілсін.
3. Сабақты себепсіз қалдырған оқушылармен жұмыс жасау.
Мектеп директоры:                   С.Буян

Просмотров: 51


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст