Текст
6 сәуір- Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылы жалпы орта білім беретін мектебі үшін тарихи күн болып саналмақ. Оған дәлел, ҚР Қорғаныс Министрлігінің бастамасымен мектебіміздің бір сыныбы Республикалық "ЖАС САРБАЗ" жасөспірімдер мен әскери-патриоттық қозғалысы" қоғамдық бірлестігінің құрамына салтанатты түрде қабылданды. Қажымұқан атамыздың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп отырған іс-шарада ҚР Қарулы күштерінің ардагері генерал-майор Марат Сериалиұлы Нағұманов, аталмыш бірлестіктің төрағасы Мейірбек Оразұлы Меңдіғалиев Отан қорғаушыларға "ЖАС САРБАЗ" куәліктерін табыстады.