Текст
Бүгін алаш жұртының алыбы, қара күштің атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлына 150 жыл толды!
Ұлы даламызды барша жұртқа паш еткен Қажымұқан атамызды еске алуға туған жері Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылына еліміздің атақты спортшылары мен білім және мәдениет басшылары бас қосты! Атаулы іс-шара жоғарғы деңгейде өтті. Атамыздың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, тағзым етілді. Әлемге елді танытқан бабамыз, халқымыздың мәңгі есінде!