"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мен ғарышкер боламын!

19.04.2021


Мен ғарышкер боламын!
Тәрбие сағаттың тақырыбы: Мен ғарышкер боламын!
Мақсаты:Ғарыш туралы білетін ұғымдарын кеңейту,ғарышкерлер туралы кеңірек мағлұмат беру.Алдарына мақсат қоюға тәрбиелеу.
Тәрбие  сағаттың әдісі : түсіндіру, сұрақ— жауап, әңгімелеу,талдау.
Көрнекілігі: тақта, слайд, суреттер,ойын т б.
Тәрбие сағаттың барысы:
 Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен амандасу.
ә) Оқушыларды түгендеу.
б) Оқу құралдарын  дайындау.
в)Тәрбие сағатына назарларын аудару.
     №1. Қызығушылықтарын ояту:
Сабақ бастамас бұрын, топқа ат қойып алайық. Ол үшін  мен сендерге жұмбақ жасырамын, қай топ жұмбақтың жауабын дұрыс тапса сол топ атты иеленеді.
1)Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (күн)
2)Қараңғыда жымыңдай, жанады,
 Жарық түссе бірден сөніп қалады
(жұлдыз)
Әдемі түнде, мен жүрсем жүреді бірге.(ай) 
Әр топ өз топтары жайлы айтып өтеді.Күн,жұлдыз,ай.
№2кезең.
- Балалар, тақтадағы өрнектердің мәнін  тауып, өсу ретімен орналастырсақ бүгінгі өтетін тақырыбымыздың аты шығады.
Мен_ ғарышкер _бола _мын.
70•2.   164:4.  8•5. 10:5.  4:2. 70:10. 80•8
          «Ой қозғау»
Тақтаға қарайықшы балалар, ғарышкер cөзін сөз құрамына талдайықшы.
Ғарышкер қай сөз табы? (Зат eciм.)
Балалар, Ғарышкер дегеніміз кім?
Ғарышкер — ғарышқа ұшу кезінде ғарыштың техниканы сынақтан өткізетін әpi оны пайдаланатын адам. Адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық.
 - Қандай ғарышкерлерді білеміз?
Қазақстанның  ғарыш айлағы бар ма?
Қалай аталады?(Байқоңыр).
Ғарышкерлер жайында видеоролик көрсету және талқылау.
 Сергіту сәті «Али мен Айя»мультфильм
«Мен ғарышкер боламын» әнін айтқызу.
Қазақ халқының ғарышкерлері туралы мәлімет беру.
Т. Әyбәкіров . Байқоңыр ғарыш айлағынан  1991 жылы Қазан айының 2 - ci күнi қазақтың қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров Қазақстанда тұңғыш болып ғарышқа ұшты. Ол сапарынан аман - есен жерге қонды.
Талғат Мұсабаев —  ол ең алғаш ғарышқа 1994 жылы ұшты.Ол үш мәрте ғарышқа ұшқан адам. 
Айдын Ақанұлы Айымбетов - Қазақстан ғарышкер қаһарманы.2015 жылы 2 қыркүйекте 2бортинженер транспорттық пилоттанған «союз ТМА-18М»  кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды.
Ғарыш айлағының грек тілінде баламасы"космодром" қазақша жылдам қозғалып барып ұшатын орын.
Скафандар-арнайы киім.
 

Просмотров: 600


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст