Пәні: Математика.
Сыныбы: 6
Күні: 24.11.17
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды көбейту.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Рационал сандарды көбейту,
ережелерін әр түрлі есептерде
пайдалану,
тақырыпты оқушы санасына бекіту.
Дамытушылық: Сабаққа деген
қызығушылығын арттыру, тез ойлап дәл
жауап беруге қалыптастыру, теориялық білімдерін есеп шығаруда
қолдана
білу
дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын
ашық айтуға, өз бетімен жұмыс істеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, карточкалар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, саяхат сабақ.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:
Амандасу,
оқушыларды түгелдеу, зейін аудару, көрнекіліктерді дайындау т.б.
Оқушыларды
2 топқа бөліп
отырғызу.
Үй тапсырмасын тексеру:
№579
1) B(3), P(11) 2) B(-2), P(6) 3) B(0,5), P(8,5) 4) B(-7,5), P(0,5)
Жаңа сабақ:
Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту.
2-мысал. ;
Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту үшін:
1) осы сандардың
модульдерін көбейту керек;
2) көбейтіндінің мәнінің алдына «-» таңбасын қою керек.
Таңбалары
бірдей екі санның көбейтіндісі – оң сан.
Таңбалары
бірдей екі санды көбейту үшін:
1) осы сандардың модульдерін көбейту
керек;
2)
көбейтіндінің мәнінің алдына «+» таңбасын қою керек.
Егер
«минус» таңбалы көбейткіш бірінші орында тұрса, онда оны жақшасыз жазуға
болады: .
6-сынып
оқушылары математика еліне саяхатқа шыққалы жатыр. Саяхатқа шықпас бұрын
алдымен автобусқа билет алуымыз керек. Билет алу үшін мына есептерді шығаруымыз
керек:
Билет алып жолға аттанар алдында азық-түлік алуымыз керек болады. Азық-түлік алу үшін дүкенге барайық:
Нан:
Шабақ:
Шырын:
Көкөніс:
Конфет:
Жеміс-жидектер:
Шұжық:
Азық-түлік
алып болған соң жолға шығамыз. Өзен жағасына келіп аялдаймыз. Өзеннен ұлдарымыз
балық аулап, жағасынан қыздарымыз гүл тереді.
Балық:
Гүл:
Міне,
оқушылар көп уақыт қыдырып, балық аулап, гүл теріп серуендедік. Енді қайтатын
уақыт келді. Бірақ қайтайық десек көлігіміз оталмай тұр. Көгілігімізді жөндеп
алу үшін мына есептерді шығарайық:
Жарайсыңдар
оқушылар, көлікте жөнделді. Енді үйімізге қайтайық. Бәріміз бірге «Сергіту
сәтін» орындайық
«Сандарды
ауада жазу» қолмен, баспен,
аяқпен, көзбен.
1, 2, 3, 4, 5.
Оқулықтан
№586-587 есептерді шығару.
Сабақты бекіту кезеңі:
·
Таңбалары
әр түрлі екі санның көбейтіндісі қалай табылады?
·
Таңбалары
бірдей екі санның көбейтіндісі қалай табылады?
·
Көбейткіштердің
біреуі нөлге тең болса, көбейтінді неге тең?
Үй тапсырмасы: №588.
Қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға
қою.
Бағалау парағы:
Аты-жөні:_____________________________________________________
р/с |
Сабақ барысы |
Критерий |
Балл |
1. |
Үй тапсырмасы |
Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын анықтау |
1 2 3 |
2. |
Жаңа сабақ |
1. Таңбалары әр түрлі сандарды көбейту 2. Көбейткіштің біреуі нөлге тең болған жағдайда рационал сандарды көбейту 3. Математика еліне саяхатқа шығу
|
1 2 3 |
3. |
Сабақты бекіту |
Кітаппен жұмыс |
1 2 3 |
4. |
Қорытындылау |
«Ойланайық» тапсырмасы |
1 2 3 |
Бағалау критерийлері:
1 – тез ұқтым
2- білдім
3- мен үшін қиын