"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15.03.2018

«Туған жерім, тұғырым - Қазақстан» танымдық - тәрбие сағаты 
Мақсаты: 1. «Қазақстан» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін толықтыру, тиянақтау, дүниетанымдарын кеңейту; 
2. оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілеттерін, тақырып бойынша сөздік қорларын дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру; 
3. Отанын сүюге, рәміздерді, Ата заңымызды құрметтеуге тәрбиелеу, достықты күшейту, ынтымақтастыққа баулу, патриоттық сезімдерін ояту. 
Түрі: танымдық - тәрбие сағаты 
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ - жауап, 
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, тарих 
Көрнекі құралдары: карта, рәміздер, Елбасының портреті, Қазақстанның әсем қалаларының көрінісі, ребустар, алтын сандық. 
Барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! 

Аспаны ашық еліміздің, 
Көркі сұлу жеріміздің, 
Біз - бақытты баламыз! 
Ақпыз, қара, сарымыз, 
Ағайынбыз бәріміз! 
Қазақстан дейтін менің бар елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін! - деп Қасым Аманжолов ақын ағамыз жырлағандай, бүгінгі сыныптан тыс іс - шарамыздың тақырыбы: 
«Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады. 
Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. (картамен жұмыс). 
Қазақстан - тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату - тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр. Мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Қазақ тілін білу - әрбір қазақстандық азаматтың борышы. Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар - әдемі қалалар. 
Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. 
Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.

Сайыстың айналымдарына тоқталып өтсек:

1 айналым : Бәйге

2 айналым: Дода

3 айналым: Жорға

4 айналым: Суреттер сөйлейді

5 айналым: Аударыспақ (Капитандар сайысы)


Туған жер - тірегім, 

Сенде өстім түледім, 

Бір сен деп үнемі 

Соғады жүрегім. 

1 айналым: Бәйге

Күлеміз, ойнаймыз, 

Демаламыз алаңсыз, 

Ризамыз саған біз 

Ұлы Отан – анамыз. 


2 айналым: Дода

Асқарлы, қарлы шың, 

Аялаған ән құсым, 

Туған жер, армысың! 

Саған мың алғысым. 

2.

3.

4.

5. Аққу көлін аңсайды

6. Жері байдың

3 айналым: Жорға

Салт-дәстүр

10-Бөбек ең алғаш тәй-тәй басқанда 

ата-анасының жасайтын тойы

20-Келіннің бетін ашарда айтылатын жыр

30-Жаңа туған нәрестенің ең алғаш киген киімі

40-Үйдің үлкені жол жүріп кеткенде ауыл жастары жиналып бас қосуын не деп

атайды?

Желтоқсан

10-Желтоқсан оқиғасына қатысқан ұл қыздарымыз?

20-Желтоқсан оқиғасына туындаған ән?

30-Желтоқсан айы қай жыл мезгіліне жатады?

40-Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды?

Қазақстан

10-1991 жылдың 1 желтоқсанында болған оқиға

20-Қазақстанның төл теңгесіне неше жыл?

30-Астана күні қай кезде тойланады?

40-Қазақстанда неше облысқа бөлінеді

Құлақтан кіріп бойды алар, 

Әсем ән мен тәтті күй, 

Көңілге түрлі ой салар, 

Әнді сүйсең, менше сүй

4 айналым: Суреттер сөйлейді

Көк аспандай көкпеңбек, 

Қазақстан жалауы, 

Көк емес ол тектен - тек, 

Елдің ашық қабағы. 

 5-

айналым: Аударыспақ (капитандар сайысы)

  1. Қазақ тілінің дамуы
  2. Болашақ Қазақстанды қалай елестетесіз?

  3. Тәуелсіздік жолында 
  4. Талай - талай тер тамған. 
  5. Билігім өз қолымда, 
  6. Еркіндігім - елтаңбам. 

 

 

Просмотров: 429

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст