"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15.03.2018

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ –

ҚАЙЫРЛЫ ІС

 

         Халқымызда мынадай керемет

сөз бар: «Он адам жүрген жерде із қалады, жүз адам жүрген жерде соқпақ қалады,

ал мың адам жүрген жерде жол қалады» деген. Расында адамгершілік пен жомарттық

сынды адами қасиеттері бар қоғам қашан да алға жылжиды. Ал қайырымдылық ізгі

қасиеттерінің бірі. Ұлы далада ежелден орныққан, халық   санасына сақталаған мұндай ізгі қасиеттер

біздің рухани мәдениетімізіді биіктетіп, ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырудың

жарқын жолына айналған.

Осы ретте Қажымұқан ауылының №4 негізгі мектебінің 6 «Ә»

сынып оқушылары, ата-аналары  және сынып

жетекшісі Алтынбекова Ұ.Ө., мектебіміздің директордың тәрбие ісінің меңгерушісі

Сейдахметова Г., тәлімгер Тусупбекова Л. қатысуымен Астана қаласындағы «Ана мен бала ұлттық  ғылыми

медициналық орталық»-та «онкология» бөлімінде ем

алып жатқан балаларға қайымдырылық концертін өткіздік. Атақты орыс жазушысы Лев

Толстойдың «мейірімділік әлемді құтқарады» деген сөзі бар. Бұл сөз бүгінігі

таңда да өз өзектілігін бір сәтке жойған емес. Себебі қай қоғамда болмасын, мейірімге

мұқтаж тобы болатыны ақиқат. Сол секілді кісіге көмегін аямайтын, қолындағысын

қарашаға беруден аянбайтын жандар да болады. Мақсатты шараның басты міндеті –

оқушыларға қайырымды іс жасап, қолынан келгенше аянбай қол көмегін созу.

Салтанатты іс – шара аясында, оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би

билеп ем алушы балалардың көңілдерін көтерді. Ата-аналар

тарапынан емделушілерге өз қолдарынан түрлі тәттілер мен тағамдар ұсынды.  Балалар ерекше мейірімділікпен, көңіл-күйде

болды.

Шара соңында «Ана мен бала ұлттық ғылыми медициналық

орталық»-тың директоры Р.Р.Аиповтың алғыс хатына ие болдық.

         Біздің мақсат, яғни ата-аналардың

көксегені – артымызда қаумалап өсіп келе жатқан оқушыларымызға дұрыс бағыт

беру, осындай «қайырымды істі» санасына сіңіру. Елге қызмет – баршаға міндет

дейді дана халқымыз. Сондықтан қолымыздан келгенше қайырымдылық жасайық!

 

АЛТЫНБЕКОВА ҰЛЖАН

Қажымұқан ауылы №4

негізгі мектебінің мұғалімі

 

Просмотров: 434

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст