Текст
Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде бүгін 1 қыркүйек - Білім күніне орай 1 - сынып оқушыларына мерекелік саптүзеу өткізілді. Мерекелік іс-шара қатаң талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта басталды.
Биыл 78 оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, "Әліппе" оқулығын қолдарына алды.
Мерекеміз алғашқы қоңыраудың сыңғырымен аяқталды.
1-қыркүйек - Білім күні барша ұстаздар мен оқушыларға құтты болсын. 💐