Бүгін Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 3 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған « Тәуелсіздік – басты құндылығымыз ! » тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Жалпықазақстандық диктантқа 11- сынып оқушылары қатысты . Ашық диктанттың негізі ұйымдастырушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы , Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің « Қоғамдық келісім » республикалық мемлекеттік мекемесі , өңірлердегі « Қоғамдық келісім » КММ және Достық үйлері , облыстық , қалалық және аудандық кітапханалар , білім бөлімдері . Диктант синхронды түрде ұйымдастырылды . Мақсаты: этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру , қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту болып табылады. Диктанттың нәтижесінде қатысушыларға қазақ тілін білу және сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру , сауатты қоғам болудың маңыздылығы болды . Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның қоғамдық маңызын арттыру , жалпы сауаттылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған жалпықазақстандық ашық диктантын қоғам болып қолдады . Ашық диктант барлық санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сай өткізілді. Ашық диктантқа қатысушылардың сауатты жазуын тексеру бойынша мектепте қазақ тілі мұғалімдері ашық диктанттың нәтижесін бағалап үздік диктант анықталып назарларынызға ұсынылды.