Қажымұқан орта мектебі « Мектепке жол» акциясы
Акция басталған күннен бастап, айлық жоспар құрылып, демеушілер
мен кәсіпкерлерді тарту мақсатында ақпараттық парақшалар дайындалып, өатынас өағыздары таратылды.
Акция мақсатын алға тарта отырып, мектеп оқушыларының әлеуметтік
жағдайларын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында жетім бала,
аз қамтылған отбасы балалары, көп балалы отбасы балалары, толық емес
отбасы балаларын тізімге ала отырып, ондағы күн көрісі төмен отбасы
балаларын, көмекке мұқтаж отбасы балаларын акция төңірегінде көмек беру
көзделді.
Жыл сайынғы жаңа оқу жылы басталар алдындағы өткізілетін
республикалық «Мектепке жол» акциясы биылғы 2021-2022 оқу жылына өз
жұмыстарын бастады.
Тұрмысы аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балалар тізімі
нақтыланып, олардың шарадан тыс қалмауы қамтамасыз етілді.
Мектепке жол акциясы бойынша Талапкер әкімдігінен 9 оқушыға оқу
құрал, сөмке берілді.
«Жаппай білім беру қорынан» тұрмысы аз қамтылған және көп балалы
отбасылардан шыққан балаларға мектепте оқитын әрбір оқушыға 43 оқушыға
көлемі 27900 тг құрайтын сертификат берілді.
Жекеменшік кәсіпкер Махмет Ануар көмек ретінде 2 оқушыға құрал,cөмке берілді.