Текст
Жұма күні біздің мектебімізде "Орда" дебат клубының ұйымдастыруымен "Қазақ дәстүріндегі қыз бен ұл тәрбиесі" тақырыпта пікірталас өтті. Шараға 8-9 сынып оқушылары қатысты.
«Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады» дегендей, дебатқа қатысушылар сөз таластыру кезінде қазақтың ұлы ойшылдарының асыл сөздерінен мысал келтіріп, дебатты қыздыра түсті.
Дебатқа көрермен болған ұстаздар қауымы мен оқушылар сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.