Текст
09.02.2022 күні Мектебімізде 8-9 сынып оқушылары "Құқықбұзушылықтың алдын алу"атты профилактикалық іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға Талапкер ауылдық округінің УИП Тайтанов Мырзабек Бахытович УИП көмекшісі Мұқамади Нұрболат Нұрланұлы. Жасөспірімдер арасында кездесетін ұсақ құқықбұзушылық, әлімжеттік, түнгі уақытта уйден тыс жерде жүру құқықбұзушылыққа жататынын айтты. Сонымен қатар 18 жасқа толмаған жүргізуші куәлігі жоқ оқушыларының көлік жүргізуге болмайтынын айтты. Тәртіпке бағынбаған жағдайда ҚР ҚК баптары бойынша жауапқа тартылатынын айтып өтті.