«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ»
Бүгін Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады.
Бүгінгі жолдау еліміздің дамуына оң өзгерістер енгізіп, жаңаша серпін береді анық.
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевың Қазақстан халқына Жолдауының мән-маңызы ерекше болды.
Президент еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Аталған Жолдау барысында еліміздің тұрақты әрі экономикалық дамуына бағытталған нақты әрі айқын басымдықтар мен бағыттар қарастырылды.
Мемлекет басшысы өз тарапынан ауқымы кең, мазмұны бөлек міндет пен биік мақсаттар қоя отырып, Жаңа Қазақстанды құруға үндеді.
Қажымұқан ауылы ЖОББ мектебінің директордың ғылыми әдістемелік
ісі жөніндегі орынбасары Жалелова А.С
Жолдаудағы мен түртіп алған жерлер;
📌Суперпрезидент басқарудан мықты парламенттік билікке көшу.
📌Президент, конституциялық кеңес мүшелері, есеп комитеті, әкім және орынбасарлары партиялық жұмыстармен айналыспау, төраға болмау.
📌Әкімдердің үш орынбасарынан артық болмау, 4-шісі арнайы сәтте.
📌Президентттің жақын туыстары саяси және мемлекеттік қызметтерге басшы болмау.
📌Сенаттағы Президенттік квотаны азайту, 15-тен 10-ға дейінгі және сол 5 адамды КХА ұсынады.
📌Мәжіліс депутаттары азаяды.
📌Есеп комитеті жоғары аудиториялық палата болып өзгереді.
📌НСОД Халықтық құрылтай болып өзгереді және әр өңірден адамдар кіреді.
📌Мәслихат төрағасы лауазымы болады және әкімдікке Президент екі кондидат ұсынады, депутаттар сайлайды.
📌Партия тіркеудің жолдары, саны жеңілдетіледі, енді 20000 емес 5000 адам жеткілікті.
📌Сайлауалды науқанда әлеуметтік желі арқылы үгіт-насихат жүргізуге болады.
📌ШҚО-дан Абай облысын бөлу орталығы Семей, Қарағандыдан Ұдлытау облысын бөлу орталығы Жезқазған, Алматы облысынан Жетісу орталығы Талдықорған және Қапшағай орталық болып атын Қонаев деп өзгерту.
Жеке азаматтық көзқарасымды білдіре отырып, бүгінгі Жолдау —халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге жол ашатын, ел әлеуетін көтеретін, ел тұрақтылығы мен бейбітшілігімізге негіз болатын Халыққа қызмет ететін Жолдау болды әрі жаңа өзгерістер Жаңа Қазақстанды қалыптастыруға жол ашады деп үлкен сеніммен айта аламын.