Еліміздің болашағын баянды қылып сақтаудың кілті рухани жаңғыруда. Бұл идеяны елдің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші саналатын зиялы қауым да, жастар да қызу қуаттайды. Осы орайда басты мақсат адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі - Кітаптың құдіретін таныту.
Кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескере отырып, Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханасы «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясын жыл сайын ұйымдастыруды қолға алған. Мұндағы мақсат – халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру,оқырман мен кітапхана арасын нығайту.
Дәстүр бойынша бұл акция 14 ақпан Кітап сыйлау күніне орай ақпанның 14 мен наурыздың 14 күні аралығында ұйымдастырылды.Кітап мәртебесін көтеру мен жастарға кітап оқуды насихаттау үшін ұйымдастырылғн бұл шараға барлығы 15 кітап сыйлады.Мектептің математика пәнінің мұғалімі М.Әуезовтің шығармалар жинағын,Ә.Нұршайықовтың «Махаббат жырларын»,М.Дулатов,Ш.Уәлиханов,Т.Мұсабаев жайлы жазған бірқатар кітаптар сыйласа, 6 б сынып оқушысы М.Тұяқбаева ертегілер жинағы мен «Аңыз адам» журналының 20 шақты данасын сыйға тартты. Бұл шараға 9 сынып оқушысы Жұмағазы Рамазан,4сынып оқушысы да белсене қатысып,кітапхана қорына кітап сыйға тартты.