«ГЕОРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОЗЫҚ ОЙ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС»
9 сәуір күні Түркістан қаласы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университетінде вице-министр Шолпан Каринованың қатысуымен алғаш рет география пәні мұғалімдерінің съезі болып өтті. Әр түйір топыраға мен әр тамшы суы тарихқа тұнған өлкеде, географияда қордаланып қалған мәселелер айтылды. Съезде географияны оқытудың жағдайы, мәселелері мен болашағы, оқулықтардағы олқылықтар талқыланып, оқу бағдарламаларын қайта қарау туралы сөз болды. Жоғары оқу орындарында дайындалып жатқан жас мамандардың даярлау жүйесі, жағдайы мен проблемалары айтылды. Әріптестерімізбен бірлесе отырып тұщымды жұмыстар атқарылды. Әр география пәні мұғалімдерінің жан айқайы тыңдалып, дұрыс шешім қабылданды деп ойлаймын.
География пәні мұғалімі, шебер-педагог Орынбекова Л.К