«Тілім-мәртебем»
Тілдің қоғамдағы орны қазақ тілінің мемлекеттік тіл екендігін оқушы бойына сіңіру, тілдің мәртебесін көтеру, оны ата-баба аманаты деп қабылдап, көздің қарашығындай қорғауға, сақтауға тәрбиелеу мақсатында Тілдер мерекесіне арналған «Тілім-мәртем» тақырыбында онкүндік ұйымдастырылды.
Қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі пәндерінің мұғалімдері бірлесе отырып жоспар құрды.
5 қыркүйек Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, «Тілім-мәртебем» атты мектепішілік мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі шығармашылығы, естеліктері, ғылыми еңбектері мен әдеби мұралары туралы көптеген мәліметтер берілді. Мерекелік шара тіл мамандарының жетекшілігімен жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
5-9 сыныптар аралығында «Менің тілім-менің мақтанышым» атты шығарма байқауы ұйымдастырылды. Оған барлық сыныптың оқушылары белсене қатысты, ең таңдаулы деген шығармалар «Шамшырақ» мектепішілік газетінде жарияланды. Оқушылардың жазған шығармаларынан тілге деген патриоттық сезімі мен туған халқының асыл мұрасына деген ыстық ықыластары мен ілтипаттары көрініс тапқан.
Кабижанова Сырымның жетекшілігімен «Бір өлеңі-бір әлем» тақырыбында ақын өлеңдерінен байқау ұйымдастырылды.
«Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тілге шешен, сөзге тапқыр оқушылар тіл жайлы, тілдің қоғамдағы маңызы туралы көптеген мәліметтер жинақтап, өз пікірлерін ортаға салды. Дөңгелек үстелдің жақсы деңгейде өтуіне ат салысқан белсенді оқушылар мадақталды.
4-9 сыныптар аралығында «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ әліпбиінің негізін қалаушы» атты танымдық тәрбие сағаттары өткізілді.
Ағылшын тілі, орыс тілі пәндері бойынша да әртүрлі іс-шаралар мен интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылды.
Онкүндік барысында өткізілген іс-шаралардың жұмысы қорытындыланып онкүндік соңында белсене қатысқан оқушылар мен жеңімпаз оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.
Осындай іс-шаралардың нәтижесінде тіліміздің мерейі өсіп, мәртебесі көтеріңкі болары сөзсіз. Сондықтан «Тіл-тағдыры, ел- тағдыры» дегенге бірлесе ат салысатын болсақ, нұр үстіне нұр болар еді.