"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Денсаулық- спорт кепілі

19.09.2019

Спорт – денсаулық кепілі!

         "Спорт - денсаулық кепілі!" деген ұранмен Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылы №4 негізгі мектепте 7-қыркүйек күні денсаулық күні жоспарланып, өткізілді. 1-9 сыныптарды қамтыған денсаулық күні аясында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі эстафеталық ойындар мен спорттық жарыстар өткізілді. Солардың бірі 2-сынып оқушылары арасында өткізілген "Толағай" эстафета жарысы. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Б.Оспанов пен А.Шайхстановтың ұйымдастыруымен өткізілген эстафета 5 кезеңді қамтыды. Оқушыларымыз секіртпемен секіріп, кольцоға көздеп доп лақтырып, ептіліктері мен дәлдіктері сынға түсті. Ұжымдық ойындағы бір-біріне деген қолдаудың арқасында жүлделі орындарды 2 "Б", 2 "В", 2 "Ә" сыныптары иеленді.

          Оқушылар арасында ұйымшылдықты нығайта отырып, салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған спорттық эстафета өз мақсатына жетті. Жоғарыда аталған жеңімпаз сыныптар салтанатты жиында марапатталды.

 

Бастауыш сынып мұғалімі Аскарова Л.С.

 

Просмотров: 395


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст