«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу.
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Шаттық шеңберіне тұру.
Бағдаршам түстеріне байланысты топтарға бөлу.
ІІ. Кіріспе бөлімі:
- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар, жолда жүру ережелеріне байланысты болмақ.
Олай болса, «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатын бастаймыз.
Балалар, Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.
- Қалай ойлайсыңдар, жолда жүру ережесі деген не?
- Жолда жүру ережесі қайткенде бұзылады?
- Жол тәртібі бұзылса не болатыны туралы білесіңдер ме?
- Ол үшін не істеуіміз керек?
ІІІ. Негізгі бөлім:
1. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың
- жол бойында қалай болса солай жүріп,
- доп қуалайтыны,
- ролик тебетіні,
- жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,
- қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады екен.
Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.
Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
- Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?
Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала.
2. Жұмбақтар шешу:
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)
3. Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Біздің қаламызда сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
Бейнеролик тамашалау.
IV. Қорытындылау
Сұрақ-жауап:
1. Жолаушылар дегеніміз кімдер?
Кез — келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2. Бағдаршам дегеніміз не?
Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.
3. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
Жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4. Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?
Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара6 ортасынан асқан соң, оң жаққа мойныңды бұр
5. Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?
Жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машинасы.
6. Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді? Аялдамада
7. Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?
Жүргізуші көлікті тоқтата алмай, адам өміріне қауіп төнеді.
8. Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер көліктері өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме? Иә, міндетті.
9. Жолда қай жерден өту керек?
Жаяу жүргіншілер өтпесі белгісі қойылған жерден.
V. Кері байланыс
Оқушылардың сабақтан алған әсерін смайликтер арқылы білдіруі.