"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Елбасы сенімі – ел сенімі" эссе

23.09.2019

"Елбасы сенімі – ел сенімі"

Қазағым елім мақтанышым сен едің, 

Тәуелсіз елім болашағыңа сенемін. 

Ұлы тұлға, ел басқарған елеулі, 

Нұрсұлтандай ел басына сенемін.

Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таниды. Мұнда туған Отанымыздың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зор еңбегі бар екені талассыз шындық. Халықтың әлеуметтік жағдайы бұрыннан да бар дүние. Десек те қазір халқымыздың саны 18 миллионға жетті.

Әбішұлы Назарбаев Нұрсұлтан ата – елге, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған,болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат.

«Хан біреу болса керек, қалғандары тіреу болса керек», - деген есті сөз бар. Американдықтар Дж.Вашингтоның, орыстар Бірінші Петрді, түріктер Ататүркті қастерлейді. Оларды шын мәніндегі мемлекеттерінің негізін қалаушысы, ел тағдырының ең бір қиын кезеңінде тізгін ұстаушысы, ту көтерген тарихи тұлғасы ретінде құрметтейді. Сондай текті де дара тұлға – Н.Ә.Назарбаев. Елбасымыз мемлекетті басқару ісіндегі мол тәжірибесі, Қазақстан Республикасының мүддесін табан­ды­лықпен қорғай білетіндігі және кең көлемді халық­аралық ынты­мақ­тастықты ілгерілету мін­­деттерін ше­ше алатындығы арқа­сында халық­ара­лық аренада зор құрмет пен барша жұрт мойындаған беделге ие болды.

Қазанның 5-інде ҚР Президенті – Елбасы 2018 жылғы кезекті халыққа Жолдауын жасады. Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында мұғалімнің мәртебесін көтеру жайлы айтты. «2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 30 %-ға көбейтуді тапсырамын», - делінген Жолдауда.

 Білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу Мемлекет басшысының назарынан ешқашан тыс қалған емес. Мұғалімдердің кәсіби мерекесімен сәйкес келген Жолдауда бүкіл ұлттың болашағы балалардың тәрбие бастауы, білім көзі ұстаздарымыздың бүгінгі хал-ахуалы кеңінен сөз болды. Елбасы «Педагогтердің ерекше статусын» белгілеу қажеттілігіне тоқтала отырып, олардың жалақысын көтеру мәселесіне де арнайы көңіл бөлді. Бұл үшін арнайы заң жобасын дайындау да тапсырылды. Бұл да ұстаздардың мерейін бір көтеріп тастады. Ғылым мен білімді қолдауға ел бюджетінен тағы да 100 миллиард теңге бөлінетін болды.

  Қалай болғанда да биылғы Жолдау абстрактілі дүниелерге емес, халықтың әл-ауқатын көтеруге, елдегі нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталып отырғаны көңілге сенім ұялатты. Ең ұнағаны "Педагогтардың мәртебесі" туралы Заң қабылдау жөніндегі бастама, сондай-ақ дәрігерлердің жалақысын көтеру жөніндегі ұсынысы, полиция мен сот қызметін жетілдіру, адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен мемлекеттік қызмет көрсету ісін дамыту туралы нақты тапсырмалар бергені қуантты.

Бұл өз кезегінде бізге үлкен міндет жəне жауапкершілік жүктейді. Сондықтан, сенім үдесінен шығу үшін барлық күш жігерімізді жұмсаймыз деп ойлаймын. Мұғалімнің мәртебесі оның сырт­қы келбетінен басталады. Мұ­ғалімнің киінуі, жүріп-тұруы, сөй­леуі, жалпы өзін-өзі ұстауы – бә­рі бір-бірімен сабақтас. Мұхтар Әуезов «Әйел – бір қолымен бесік тербетсе, екін­ші қолымен әлемді тербетеді» дей­ді. Біз ұрпақты, тұтас ұлтты тәр­­биелейтін болашақ ана­ла­ры­мыз­ды тәрбиелейміз. Сондықтан олар­дың тәртібі, тәрбиесі біз үшін өте маңызды. Ұлт­тық кодты сақтайтын да, оны ке­ле­шекке жеткізетін де бүгінгі жастарымыз деп білемін.

 Ұстаз мәртебесін көтеру — білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілін, сапасын арттырары сөзсіз, білім беруді бюджеттік қаржыландыруды едәуір ұлғайту — болашақ үшін аса маңызды, дер кезінде жасалған қадам. Алға суырылып шығу үшін ұлттық білім-ғылымды дамыту, оған барынша қолдау көрсету қажет. «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деп ұлы Абай айтқандай, Елбасының бұл Жолдауы зиялы қауым көңіліне нық сенім ұялатты. Білімі мен ғылымын, ғалымдарын дәріптеген жұрт қана тариx саxнасының төрінен берік орын алады. Осы іске атсалысып, көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан Қазақстан Республикасы азаматшасы болғанымды мақтан етемін.

Болашақта дамыған елдердің қатарынан көріну, олармен терезесі тең болу мақсатында латын әліпбиге көшуді іске асырып жатырмыз. Тәуелсіз ел болған 27 жылда еліміздің арманы мен үмітіне мақсаты мен сеніміне селкеу түсірмей, барша әлемге ынтымағы жарасқан көп ұлтты ел ретінде танытқан, көреген саясаткер білікті елбасының еңбегі ерекше. Елі сенген елбасы халық сенімі мен ел бірлігінің арқасында жас мемлекетімізді өркендетіп, өркениетті 30 елдің қатарына қосу үшін табанды еңбек пен рухани мүддені қатар алып жүріп келеді.

Елі сенген Елбасы өзінің «Мәңгілік ел» болу ұлттық идеясының қалыптасуы мен дамуы жолында, аянбай еңбек етіп жатыр. Біз де Елбасына сенім артып, оның әрбір айтқан сөзін, қалт жібермей еліміздің өркендеуі жолында тәуелсіздігіміздің баянды болуы жолында, рухани жан-дүниемізді байытып, еліміздің дамуына үлес қосуға бар күш-жігерімізді арнаймыз. Еліміз Елбасыға сенім артса, елбасы келешек жастарда деп, бізге үміт артып отыр. Елбасының әрбір мақсатты қадамын қолдап, жоспарларының іске асуына атсалысуымыз қажет. Осы жолда мен және менің оқушыларым өз еліміздің, мектебіміздің дамуы мен өркендеуі жолында еңбек етіп келеміз.

Егеменді еліміздің дамуына әлде болса өз үлесімді қосып келешекте еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарап өз оқушыларыммен бірлесе отырып, талай белестерді бағындырамыз.  Ата-бабаларымыз сан мың жылдар армандаған Мәңгілік Елді ақиқатқа айнылдыратын азаматтар болу жолында аянбай еңбек етейік, терең білім алайық! Тіліміз де Мәңгі, Еліміз де Мәңгі бола берсін!

Бастауыш сынып мұғалімі:Қондыбаева  Эльмира Байузаковна

 

 

Просмотров: 578


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст