Экологиялық тәрбие сағаты
Қазіргі кезде экологиялық білім мен тәрбие беру ең негізгі мақсаттардың біріне айналып отыр. Біз балаларға экологиялық білім бере отырып экологиялық сананы, тәрбиені қалыптастырамыз. Жалпы айтқанда экологиялық мәдениетті жасаймыз. Экологиялық мәдениет – қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен экологиялық білімнің қалыптасуына, дамуына, үздіксіз жетіле беруіне ықпал ететін, сана мен тәрбиенің рухани құндылық жиынтығы. Сондықтан экологиялық тәрбиені бесіктен белі шыққаннан бастап, есі кіргенде санасына қалыптастыру, яғни төменнен жоғары қарай сатылай дамыту керек. Осы мақсатта біздің мектебімізде Қазан айының 3 жұлдызы күні сағат 11-00 де жалпы мектеп бойынша «ЭКО-сағат-қазір баста!» ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға ат салысқан
Құрметті қонағымыз ауылымыздың ардагер ұстазы Садуова Шекер Бекенқызы және «ПРОГРЕСС KZ» жобасының басшысы Жақсымбетов Ануар Сағатұлына алғысымызды білдіреміз.
Берілген тәрбие сағаттарының оқушы үшін маңызы өте зор болды. Қоршаған әлем, табиғат, мөлдір су, жұпар ауа, жан-жануарлар мен құстар сияқты экологиялық құндылықтарымызға келіп жатқан зиянды кім жасап отыр, неге экологиямыз қазіргі таңда қауіпті жағдайда тұр? ... деген мәселеге байланысты әңгімелесулер, диспуттық сабақтар, топтық жұмыстар оқушыға үлкен ой тастай білді.
Табиғатты аялау – бәріміздің борышымыз. Өйткені, қазір теңізіміз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлеріміз сортаңданып қалды. Осы ның бәріне кім кінәлі? Әрине, адам. Бәрі адамдардың рақымсыз істерінен, кешегі табиғаттың уылжыған тамаша кездерінде өмір сүрген ата – бабаларымыздың ескертпелерін орындамағанның кесірінен десек те болады, -деген пікірмен экологиялық тәрбие сағаттарын қорытындыладық.
Орындаған: Бейлхан Ағи