“ Жүрегімнің түбіне терең бойла” атты әдеби- сазды кеш.
Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайд, бейнероликтер.
1-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
2 - жүргізуші –
Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “Жүрегімнің түбіне терең бойла ”атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұра қып, кейінгіге қалдырған Ерте оянып , ойланып
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Абай туралы видеоны тамашалайық.
(Абай туралы қойылымдарға кезек беру)
1.Ақын қонақтар
(Күй қойылады)
2.Әкесі мен Абай
2-жүргізуші
- Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!
1-жүргізуші: Тамаша, керемет. Рахмет сендерге! қалай ойлайсың, келесі кезекті Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берсек қалай болады?
2- жүргізуші «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абайдың табиғат лирикасынан бастайық. Кезекті 5 - сынып оқушыларына берейік.
1-оқушы: «Қыс» өлеңі
2-оқушы: «Жазғытұры» өлеңі
3-оқушы: «Күз» өлеңі
1-жүргізуші: Келесі кезекте Есен Маликаның орындауында Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін тамашалайық!
1-жүргізуші : Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – оның қара сөздері. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан.
2-жүргізуші: Кезекті Абайдың қара сөзіне берсек! Абайдың қара сөздерін ортаға салайық!
17 қарасөзінен көріністі қабыл алыңыздар!
(баяу өлең оқылады)
2-жүргізуші: Кешіміздің қадірменді көрермендері! Сіздермен «Абай кім?» атты викториналық сұрақтар ойынын ойнайық
Қонақтармен диолог. Шашу
Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:
1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды?( Көкбай ).
3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).
4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.
( Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.
(«Әзімнің әңгімесі».)
7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.
( Зере, Ұлжан.)
8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
9. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?
( Ахмет Байтұрсынов).
10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.
(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)
12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?
(Алматы қаласында мүсінші- Наурызбай Х)
14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
Абайдың әні «Айттым сәлем Қаламқас» орындайтын Сайлау Сәли
1-жүргізуші:
Келесі кезекті мектебіміздің жас ақынына сөз кезегін берейік.
2-жүргізуші: Иә, бойларында шабыты бар ақын қызымыз Ысқақ Әмина және 7-сынып оқушылары Абай атаға арнаған өз арнау өлеңдерін оқып берсе.
(Ысқақ Әмина 7-сынып қыздары)
1-жүргізуші: Біздің данышпан ақынымыз Абай Құнанбаев шығармашылығындағы ең өзекті тақырыптардың бірі — қазақ жастарына білім беру, оқыту ісі екені рас. Жастарды оқытудағы мақсат не, балаларына білім бермек болған ата-ананың, үлкендердің көздегені не еді, ал оқуға ұмтылған сол жастардың өздерінің діттегені, алға қойған арман-мұраты қайда жатыр – міне, тура осындай мәселелер ұлы Абайды көп толғандырғаны, барынша тебіренткені даусыз.
«Әсемпаз болма әрнеге»
«Ғылым таппай мақтанба»
Жасымда ғылым бар деп ескердім
2-жүргізуші: Келесі кезекте мектеп оқушыларының орындауында хор «Желсіз түнде жарық ай»
(Сырымның өлең оқиды)
1-жүргізуші: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз.
2-жүргізуші: Абай атамыздың өлеңдерін, аудармаларын, әндерін, қара сөздерін тереңірек білуге ұмтыла берейік.
1-жүргізуші:
Адамзаттың асылы Абай атамыз туралы айта беру артық емес.бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Тыңдаған назарларыңызға рахмет!