"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мақала

04.11.2019

25 қазанда Қажымұқан ауылы №4 негізгі

мектебіндегі аудандық

семинардың өткізілуі туралы ақпарат.

 

Мақсаты: Қазіргі білім берудің басты мақсаты-шығармашыл тұлға қалыптастыру.  Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына қосылу болса, ол өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше.  Осы орайда оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту, жаңартылған білім мазмұнына сай сабақты түрлендіріп өткізу- мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.

Осыған орай , ББ 2019-2020 оқу жоспарына сай Целиноград аудандық білім бөлімінің Қажымұқан ауылы №4 негізгі мектебінде  ММ аудандық  семинар ұйымдастырылды.

Мұнда тәжірибелі, өзінің іскерлігімен танымал әріптестеріміз сабақ берді. Мектебімізде барлығы  7 сабақ  ұйымдастырылды.  Берілген сабақтар дәстүрлі сабақтан өзгеше, жаңаша түрлендірілген деңгейде қарастырылып берілді. Осындай сабақтың әртүрлілігі  келген ұстаздар қауымының көңілінен шыққандықтарын  айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

4 «Ә» сыныбында «Біздің отбасылық бюжетіміз» атты іскерлік ойын сабағын Сексенбаева Ботагөз  Джанбулатовна, 

2 «А» сыныбында «Су. Ол қандай екен?» эксперимент-сабақ  какина Жанар Төлепбергенқызы,

5 «Ә»сынып  «Жай бөлшектер. Дұрыс бөлшектер, Бұрыс бөлшектер» практикалық сабақ Алтынбекова Ұлжан Өмірбекқызы,

 3 «Ә»сынып  «Сөйлеу мәдениетіне үйренемін» жоба сабақ  Сарина Данагүл Қабдрашқызы,

6-9 сыныпта «Қазақстандағы пайдалы қазбалар» тьюторлық сабақ  Төлебай Гүлдана Ерсұлтанқызы,

7 «Ә» сынып « Communication and technology»  менторлық сабақты Иманбаева Динара Еркиновна

2 «В» сыныбында «Үлкенді тыңдаймын» on-line сабағы Асқарова Лағыл Самарқановна  өткізді.

Осындай мектебіміздің мұғалімдері өз әдіс-тәсілдерімен бөлісе білді.

Семинар барысында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Жүрегімнің түбіне терең бойла»  тақырыбында шығармашылық –танымдық іс-шара ұйымастырылды. Оған қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Бейлхан Ағи, Қабижанова  Сырым Қаршығақызы жауапты болды.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп, Абай атамыз айтқандай,  білім нәрін төккен еңбектеріңіздің жемісін көріп, талантты шәкірттеріңіз мақтаныштарыңыз болып, мәртебелеріңіз арта берсін!

Мектеп директоры:                                  Абдикалыкова Т.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 432


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст