Текст
Тамаша мереке- мұғалімдер күні қарсаңында өзіміздің сүйікті ұстаздарымызды осы бір айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға- дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландарының бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз орасан мол. Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер, салауатты денсаулық және білім мен ғылымды игеруде ілгері ізденісте болуларыңызды тілеймін.