Текст
Бүгін мектебімізде сенбілік өтті . Оған 8-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Әр сыныпқа белгілі бір участок бекітілді. Сенбілік жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Қажетті құралдарымен жабдықталған, балалар қуана-қуана мектеп аумағын тазартты. Қоқыстарды, қураған жапырақтар мен шөптерді жинады. Ортақ күшпен бір жарым сағат ішінде мектеп аумағы тазарып, әдемі болып шықты.