Кеше мектебімізде Республика күніне орай еліміздің дамуына елеулі үлес қосып отырған жандарға арналған ашық диалог алаңы өтті. Оның қонағы - Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Ғазиза Құдайбергенқызы.
Кездесу барысында Ғазиза ханым өзінің өмір жолынан бастап,ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп" жобасының үлесі маңызы болмақ, сондықтан да бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет екендігін атап өтті.
Оқушылар мен мұғалімдер көптеген сұрақтар қойып, оған тұшымды жауаптар алды. Үздік деп танылған сұрақ иелеріне сыйлықтар, сонымен қатар мектебіміздің кітапхана қорына "Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында 74 кітап,соның ішінде әдеби, философиялық, психологиялық кітаптар мен балаларға арналған көркем әдебиеттер сыйлады Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы.