Текст
31.10.2022 жылы Қажымұқан ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылының Республикалық пән олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиаданың мектепішілік кезеңіне қазақ тілі, математика, география, биология, химия, тарих, ағылшын тілі, орыс тілі, физика, информатика пәндері бойынша 8-11 сыныптардан барлығы 61 оқушы қатысты. Олимпиаданың ашылуы салтанатты түрде мектептің акт залында ұйымдастырылды. Мектеп басшысының міндетін атқарушы К.М.Достанбаева қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі.