«Домбыра үйренейік» күнтізбелік жоспары.
«Домбыра-ұлы күйшілердің жан серігі». Күйші - композиторлар. Күй туралы түсінік. Күйдің орындалу мәнері мен құрылымдық ерекшеліктері.
Күйші-композиторлар күйлері сұлулыққа тәрбиелейтіндігін айту.
1
3-4
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптар туралы түсінік беру. Музыкалық сауаттылық-дуэт,трио,квартет,квинтет,
ансамбль,оркестр
Ұлттық аспаптарымызды танып білуге құрметтеуге үйрету.
2
5-7
Домбыраны үйретудегі бастапқы қадам. Домбыраның құрылысымен танысу.Домбыраны тартып үйрену.1,2,3-жаттығу.Нота дыбыстары; нота сызықтары, кілт белгісі;өлшем,пауза; динамикалық және қозғау белгілері;
Алғашқы күннен бастап баланың дұрыс отырыуын ,саусақтарын дұрыс қойып, қағыстың түрлерін түсіндіру.
2
8-9
Саусақтармен жұмыс жасау.Оң қолдың қойылымы.Сол қолдың қойылымы.4,5-жаттығу.
« Во саду ли в огороде»-әнін аспапта ойнап үйрену. Әннің дыбыс тазалығымен жұмыс.
Домбыра тартуда оң қолының маңыздылығын түсіндіру. Домбыра пернесіндегі ноталарды басып ойнап үйрену.
2
10-11
Музыка дыбыстарының жазылуы.До мажор гаммасын ойнап үйрену. Этюдтар үйрену.1,2-сабақтар. Жатқа ойнау.
Музыканың мәнерлеуші құралдарын ажырата білуге үйрету.
2
12-14
Б.Ғизатовтың әні «Біз өмірдің гүліміз».Әнді аспапта ойнап үйрену және домбыраменқосылып айтып үйрену. Әннің дыбыс тазалығымен жұмыс.
Әнді тыңдап сезіне білуге ширақ орындауға үйрету.
1
15-16
Халық әні «Еркем-ай» .Әннің сөзін, әуенін жаттау.Әнді аспапта ойнап үйрену және домбырамен қосылып айтып үйрену.
Аспапта ән айту шеберліктерін қалыптастыру.
2
17-19
Қазақтың халық күйі «Кеңес» күйін үйрену.1,2,3-сабақтарХалық күйі туралы мәлімет беру.Күйді аспапта бәрі қосылып бірге ойнау.
Күйді әр балаға буындап үйрету.
1
20-22
Нота белгісі бойынша Глинканың «Полька» әнін үйрену. Әннің дыбыс тазалығымен жұмыс. Әнді жатқа ойнау.
Әнді екі дауыста ойнауды меңгерту.
1
23-24
Үйретіліп жатқан ән-күйлерді жалғастырып, күйшілер туралы әңгімелеу
Қазақ халқының ән-күйлерін сезініп тыңдай білуіне тәрбиелеу
1
25-27
Қазақтың халық күйі «Жастар биі» -үйрену.1,2,3сабақтар. Техникамен жұмыс.
Күй сырын ұғындыру,екі дауыста ойнауды меңгерту.
1
28-29
Қағыс түрлерін қайталап, күйде қолданылатын әдіс-амалдарын үйрену. Күйдің дыбыс тазалығымен жұмыс.
Оқушылардың есте сақтау қабілетін және домбырада ойнау шеберліктерін шыңдау.
1
30-31
Дәулеткерейдің «Қос алқа» күйін үйрету. 1,2,3-сабақтар.Буынға бөліп ойнау.
Дәулеткерейдің өмірі жайлы әңгімелеу.
2
32
Күйді жалғастырып әрі қарай үйрену.Күйді жатқа ойнау.Күйдің дыбыс тазалығымен жұмыс.
Барлық өткен күйлерді қайталау.
1
33
Музыкалық шығармаларды ансамбльмен ойнау.Түрлі жаттығуларды орындау.
Үйренген ән-күйлерді сахнада ойнап көрсету
1
1-2-3
«Қазақ даласының мақтанышына айналған күйші Дина» «Той бастар» күйін үйрену. 1,2,3-сабақтар.
Қазақ халық композиторы Динаның күйлерімен танысу
1
4-5
Күйді буынға бөліп үйрету. Техникамен жұмыс.
Өмір белестері арқылы музыка туралы ұғымды түсіндіру.
1
6-7
Күйдің дыбыс тазалығымен жұмыс. Күйді аспапта ансамбльмен ойнау.
Буындар мен кіші сағаны меңгерту
1
8-9-10
Қазақтың халық күйі «Келіншек»-үйрету. 1,2,3-сабақтар
Халық күйі туралы жалпы түсінік.Күйдің ырғағын сезіндеру.
1
11-12
Динамикалық белгілер. Күйдің бас буыны.
Техникалық мүмкіндігін дағдыландыру.
1
13-15
Төмен қағыс пен жоғары қағыстың кезектесіп келуі. Күйдің негізгі буыны
Буындар мен кіші сағаны меңгеру.
1
16-17
Күйді жалғастырып ойнау. Орта буыны.
Домбырада жеке және топқа қосылып ойнауға дағдыландыру
1
18-20
Күйді толығымен қосылып бірге ойнау. Сағасы.
Буындар мен кіші сағаны меңгерту
1
21-22
Қазақтың халық әні «Қалаулым »-үйрену.
Халық әндерінің дыбыс бояуы,ырғағы,дыбыс биіктіктері
1
23-25
Әнді аспапта ойнап үйрену және домбырамен қосылып айтып үйрену.
Орындаушының ән айтудағы ережесі
1
26-27
Әннің дыбыс тазалығымен жұмыс.
Әнді дауыстап айтқызу, ырғаққа еру.
1
28-30
Әнші-композиторлар туралы әңгімелеу.
Әнді тыңдап сезіне орындауға үйрету.
1
31-32
Үйренген ән-күйлерді ансамбльмен ойнау.
Барлық өткен күйлерді қайталау.
1
33-34
Концерт-сабақ
Сахнада ойнап көрсету.
1
34саг
Түсінік хат
Қазіргі таңда елімізде білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттерінің негіздерін меңгеруі маңызды мәселелерінің бірі.
Қазақстан Республикасының білім беру бағдарламасына сүйеніп, білім заңына біздің болашағымызды жаңа бағыт пен рухта тәрбиелеу, олардың дүниетанымын қалыптастыру, жас жеткіншектерді жан-жақты, білімді, өнерлі етіп тәрбиелеу бүгінгі күннің түбегейлі мәселесінің бірі екендігін заңдылық етіп отыр . Оқушыларды музыка әлемін түсініп қабылдауға, көркемдік талғамы бар, музыканы сүйетін, оны жанымен түсінетін, музыкалық шараларға қатысатын тұлға дайындау.
Бағдарлама білім беру барысында интерактивті оқыту технологияларын енгізуді, СТО дамыту халықаралық технологияны, модульді оқыту, проблемалық оқыту, денсаулық сақтау, ақпаратты оқыту. Музыка және өнер мектептері осындай мақсат-міндеттерді алға қоя отырып, елімізге, Отанына пайдасы тиер өнерлі, білімді, болащақ өнер иелерін дайындайды. Домбыра- өнерлінің даму жолы ғасырдан-ғасырға жалғасын тауып, бүгінгі ұрпаққа асыл мұра ретінде жетіп отыр.
«Домбыра» үйірмесі мектептегі 1-4сынып оқушыларын музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту үшін, музыканы тыңдауда мынадай төрт кезең бойынша жүзеге асады. –Кіріспе әңгіме жүргізу. –Шығарманы тыңдау. –Шығарманы уйрену,орындау. –Шығарманы талдау.
Мақсаты: Қазақтың ұлттық музыка аспабының ішінде ерекше өзіндік орын алатын домбыра үнінің сиқырлығын таныту; күйге жан бітіретін қара домбыраның құдіретін таныта отырып, оның әуенді ырғаққа толы сазды үнін тыңдай білуге үйрету.
Білімділігі: Оқушылардың музыкалық сауаттылық негізін қалыптастырып, қазақ халқының аспаптық өнері жайлы және оның өмірмен байланыстылығы,жан-жақты білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылығы: Музыкалық шығармалардың сипатын ажырата білу, музыканы тыңдау арқылы оқушылардың есіту қабілетін,ырғақты сезіну дағдыларын және әр түрлі сипаттағы ән-күйлерді орындай білу шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Оқушылардың шығармашылық қабілетін ұштау, музыка өнері арқылы әсемдікті, сұлулықты сезіне білетін ішкі рухани дүниесі бай тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері: Ұлттық аспаптарымызды танып білуге, құрметтеуге уйрету. Үйірме мүшелерінің музыкалық сауатын арттыру, аспапта ойнау шеберліктерін шыңдау. Домбырада жеке және топқа қосылып ойнауға дағдыландыру.
Бағдарламаның ерекшелігі: Бұл бағдарламаны домбырашы және басқа да сілкімелі-соқпалы аспаптарды үйретуде де пайдалануға болады.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
-ноталарды дұрыс жазып, өлшемдерді санай білу.
-домбыра аспабында дұрыс отырып, таза ойнау
-Динамикалық белгілерді білу.
-үйренген ән-күйлерін топпен бірге қосылып ойнау керек.
Күтілетін нәтиже: шығарманы талдай білуге, жете түсінуге дағдыландыру. Халық шығармаларына деген қызығушылықтарын арттыру. Сахна мәдениетін үйрету.Үйренген шығармаларын тыңдаушыға жеткізе білу.
Бағдарламада Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей және Дина сынды ұлы күйшілер жайында сөз болады. Балалар күй тарихымен танысып, күй тілін түсініп, оларды бір-бірінен ажыратып үйренеді. Әуелі күй тарихы айтылып, сонан соң күй орындалады. Үйірме оқушыларды ұлттық өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылды. Оқушыларға ұлттық аспаптар туралы мағұлматтар беріліп, домбыра аспабының құрылысы түсіндіріледі.
Домбыраны қалай ұстау, домбыра тартқанда қалай отыру ережелері үйретіледі. Домбыраның құлақ күйін келтіру, домбыра қағыстарын үйренуге назар аударылады. Домбыра аспабын меңгеруге байланысты музыкалық терминдер түсіндіріліп, іс жүзінде көрсетіледі. Домбыра тарту техникасына көп көңіл бөлінеді. Үйірмеде топтық, жұптық және жеке оқушылармен жұмыстар жүргізіледі. Оқушылардың сабақтарда алған теориялық білімдерін жеке сабақтарда қолдану үйретіледі.Оқушылар жеңіл этюдтер ойнауға дағдыланады. Халық ән- күйлері насихатталады. Домбыраны қосылып тартып, аспаптар ансамблін құрып, өз өнерлерін көрсетеді.
«Бекітемін» Мектеп директоры
Абдикалыкова Т.С
«____» __________2019ж
«Келісемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
Достанбаева Қ.М. ________
«___» ________2019ж
ФАКУЛЬТАТИВ ЖОСПАРЫ
2019-2020 оқу жылы
Пәні «Домбыра» үйірмесі Сыныбы 5 А.Ә.Б.В 6 А,6Ә 7А, 7 Ә 8А сынып_ Мұғалімі Тусупбекова Лаура Сериковна Оқу жоспары бойынша сағат саны 34