Текст
Бүгін мектебімізде «Құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау» атты құқық қорғау саласының қызметкерлері Целиноград АПБ ЖПҚ УПИ полиция капитаны Мұқамедия Нұрболат Нұрланұлы мен Целиноград АПБ ЖПҚ УПИ полиция лейтенанты Сейтанов Зәмірбек Бекайдарұлымен кездесу сағаты өтті. Оған 9-11 сынып ұлдары қатысты. Кездесуде оқушылардың мектептің ішкі тәртібін орындауы туралы және түнгі уақытта көшеде бей-берекет жүрмеуі, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жасөспірімдер арасында электронды темекіні тұтынуға шектеу қою туралы түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілді