16 қараша күні Ардагерлер қауымдастығы атынан ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, Педагогикалық білім беру Халықаралық, Қазақстан педагогикалық академияларының академигі, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстанның тұңғыш сенаторы, Парламент Сенаты комитетінің төрағасы,"Ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев және Орталық ардагерлер Отан қорғаушы ұлықтау мәселесінің атқарушысы Темербаев Болат Жанатайұлы, сонымен қатар Аудандық білім бөлімінің тәрбие істері жөніндегі әдіскер Кабыкенова Айткуль Аманжоловна келіп, Қажымұқан Мұңайтпасұлының шағын мүсінін (статуя) мектеп мұражайына табыстады. Сонымен қатар "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында тарихи кітаптарды сыйға тартты.