Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылы №4 негізгі мектебінің 2 «В» сынып оқушысы Қошқария Айша, жетекшісі Аскарова Л.С.
Елін сүйген – Елбасы
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында кең байтақ тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде бейбітшілікте өмір сүрудеміз. Еліміз үшін Елбасының жетістіктері өте зор. Еліміздің қол жеткізген табыстары, алған асуларымыздың барлығы Елбасымыздың арқасы.
Біз, кішкентай балалар, әрқашан да Елбасымен біргеміз. Балалар, болашақ Елбасының тірегі. Сабақты жақсы оқып, тәлімді тәрбие алып, қоғамға пайдамызды тигізу – біздің басты міндетіміз! Бүгінгі бейбіт өмір, татулық пен ынтымақтық үлгісін көрсеткені үшін Елбасыға үлкен алғыс білдіргім келеді. Еліміздің жарқын болашағына кәміл сенемін!